Адам жүргенде, бір жұмыспен шұғылданғанда, автокөлік жүргізгенде, дене шынықтырумен айналысқанда,
өзіне массаж жасағанда, билегенде денесі үнемі қозғалыс үстіне болады. Түнде ұйықтап дем алғанда да дөңбекшіп, бір қырынан екінші қырына аунағанда да аяқ, қолы, басы мен кеудесі қимылдайды. Яғни, адам денесінің қозғалмайтын кезі жоқ. Ол сыртқы, ішкі әсерлерге де тітіркенгіш. Мұның бәрі дененің дамуына,
ағзаның үйлесімді жетілуіне әсер ететін жағдайлар. Негізінен, серуендеу, дене шынықтыру жасау адамның
ақыл-парасаты мен ойын да жетілдіреді.
Кез келген географиялық кітаптарды немесе ғаламтор беттерін ашар болсаңыз, «әлемдегі ең құрғақ жер қайсы?» деген сауалыңызға Чили жеріндегі Атакама деген жауап аласыз. Алайда, бұл жаңсақ жауап. Атакама - Антарктиканың құрғақ жазықтықтарынанан кейін екінші орында тұр. Бұл – 2 миллион жылдан бері жауын-шашын көрмеген (Атакамаға 400 жыл бойы жаумаған) жер бетіндегі ең құрғақ жер саналады. Аталған көрсеткіштер өз алдына көп нәрсені айтып тұр.
Сенер сенбесіңізді білмей әбігерге салынып отырғаныңызды жақсы білеміз. Өйткені, біздің ұғымымыздағы Антарктика мұз бен қар жамылған, мәңгі қыс орнаған мекен екені айдан анық. Десе де, Мак-Мёрдо бұғазына таяу маңдағы 8 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан Виктория, Райта, Тейлор атты үш аңғардың аумағын ешқандай мұз баспаған, керісінше, сусырап жатыр.
Бұл құбылыстың себепкері - 320 км\сағат жылдамдықпен соғатын Катабатикалық желдер (бұл жер бетіндегі максималды жылдамдық). Аталған желдер бүкіл дымқылды буландырып, кептіріп жібереді. Осының арқасында аңғарлар 8 млн. жылдан бері қар мен мұзға тәуелсіз болып келеді.
Құрғақ дала дегенде көз алдыңызға өзен-судан жұрдай жазықтықтың келетіндігі қалыпты жағдай. Солай болғанымен, бұл дала өзгелерге ұқсамайды. Бұлай дейтініміз, аумақта Антарктиканың Оникс және Вида атты әлемдегі ең тұзды өзендері ағып жатыр. Оның тұздылық мөлшері Өлі теңізден әлдеқайда күштірек. Өкініштісі, өзен беттерінде қалың мұз қаптап жатыр.
Жазықтықта қалың қар мен қаусаған мұз жоқ болғандығымен, мұндағы жануарлар басқа құрлықтарға қарғанда өте аз. Шамасы, олар да мұндай құрғақ жерде өмір сүруге икемсіз секілді.
Мұндай климат Марс планетасының табиғи жағдайларына аса ұқсас болғандықтан, ғалымдар зерттеу жұмыстарын осы мекендерге тікелей бағыттап отыр. 2004 жылдан бастап Антарктиканың шөл аңғарлары ЮНЕСКО-ның қорғауына алынды.
Біздің Қазақстан-тәуелсіз,егемен ел. Біз бәріміз осы елде туып өсіп,келеміз. Мен өз елімді мақтан тұтып,құрметтеймін.Біздің еліміз жер көлемі жағынан дүние жүзі елдердің ішінен тоғызыншы орын алады. Біздің жеріміз кең-байтақ,еліміз мал шаруашылығымен,құс шаруашылығымен және егін шаруашылығымен және т.б шаруашылықтармен айналысады.Еліміздің әрбір жерінде неше түрлі кен орындар,пайдалы қазбалар өндіріледі.Ал елімізді басқарып отырған-ол біздің қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Бұл адам өте керемет адам. Өйткені ол біздің елімізді жаңартып, көркейтіп келеді.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасын әлемге танытты. Елімізге жаңа астана-Астана қаласын салып берді. Астана-Қазақстандықтардың мақтанышы, ал Бәйтерек- қазақстандықтардың символы. Президентіміздің жоспары бойынша көптеген жаңа тұрғын үйлер, жаңа бала-бақшалар және жаңа Назарбаев Зияткерлік мектептер салды және әлі де салынып жатыр.Біздің президентіміз елімізге көп еңбек сіңірді,оны халық,біз балалар да өте жақсы көреміз. Елбасымыздың жыл сайынғы Халыққа Жолдауы бізге күш-қуат, халықтың әл ауқатын, экономиканың нығайтылуын, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуын, халықтың компьтерлік сауаттылығын жоғарылатуын, жастар үшін білімге деген құштарлығын кеңейтуін көздейді.Қазақстан Халқына Жолдауы-бұл- нақты бағдар беріп, Қазақстандықтар үшін үлкен табыстарға жетуге итермелейді. Елбасымыздың Жолдауы мен үшін - үлкен мақсаттарға жету үшін, атап айтқанда, мәдениет, білім, экономика, әлеуметтік сала жағынан кең шекараларды ашады деген сөз деп ойлаймын. Сондай-ақ, алдағы уақытта бізге баршамызға белгілі ,биыл екінші жыл 1 желтоқсан- Қазақтың Тұңғыш Президенті күні аталмақ. Осы күн қарсаңында барлық қазақстандықтарды қазақтың тұңғыш президенті күнімен шын жүректен құттықтай отыра, Елбасымызға зор денсаулық, қажымас қайрат ,ал еліме тыныштық тілеймін. Әлемдегі барлық жанұялар бақытқа бөленіп, балалары ешқашан ауырмасын дегім келеді.
Объяснение:
болама?