Салауатты өмір салты.
Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы.
Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ болса, байлықтың не керегі бар?
Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.
Осыдан он алты жыл бұрын, 30- тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 16 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді. Тоқтала кететін тағы бір жайт, Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 16 жасқа толып отыр. Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/tauelsizdiktin-tiregi-ata-zan_a2401613