М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Alla123489
Alla123489
19.04.2021 04:14 •  Қазақ тiлi

Ғаламтор,газет-журналдыпайдаланып,сүйіспеншілік,мейірімділік туралы қанатты сөздер тауып,жазыңыздар

👇
Ответ:
sashkaaaxo
sashkaaaxo
19.04.2021

1Нағыз құштарлық пен сүйіспеншіліксіз қай іс болса да ілгері баспайды.

2Егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да — бәрі бір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса — ол тез арада құрып бітер еді.

3Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой.

4Мейірімді ер адам алаңсыз. Төмен адам уайымшыл.

5Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын.

Объяснение:

4,6(54 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
sweetcarpet258
sweetcarpet258
19.04.2021
Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол төрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Төрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бөлшектері, көпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы көшпелілердің идеологиясы жөнінде білуге көп мүмкіндік туғызады. Алматы-І қаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы өзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған. Осы жерден балқыған металл құятын шөміш пен су құятын екі құмыра да шықты. Есентай (Весновка) қаласы Алматыдағы Ботаника бағының шеңберінде, Ремизовка мекені Әл-Фараби көшесінің жоғары жағында, Тереңқора қаласының орны Алматының солтүстігіндегі «Заря Востока» поселкасының жерінде жатыр. Сонымен, археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қояды.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/544-almaty.html
© www.ZHARAR.com
4,6(13 оценок)
Ответ:
Ymnusha
Ymnusha
19.04.2021

А - ақылды , ақкөңіл, алма

Ə - əдемі , əсем , əже , əке

Б - балта , бүгін , бес

Д - дүкен , диірмен, дəлел

Е - еңбек , елік , ел

Ф - Фатима , философия, философ

Г - гүл , газет , газдар

Ғ - ғарыш , ғалым , ғасыр

Х,һ - хат , халық , һәм

і - ілгек, іс, ілім

И , Й - йод , инабаттылық, игі

Ж - жаңбыр, жаз , жұмыс

К - көңіл , көлік, киім

Л - латын, лаззат

М - мөлдір, мектеп , мәдениет

Н - нұрлы, нар, нағашы

Ң - нету слов на эту букву

О - ою, орын, орынбор

Ө - өрнек, өнерлі, өмір

П - пайда, парасат, пікір

Қ - қала , құс , қазақ

Р - раушан, Рауан, рухани

С - солтүстік, сыр, сыпайы

Т - тары,талқан,тұз

Ұ - ұлт,ұлжан,ұстаз

Ү - үлкен,үйрек, үкімет

В - вагон, видео

Ы - ырғақты, ыстық,ынтымақ

У - уылдырық, уақыт, улы

З - зат, заң, заман

Ш - шаш, шағын, шаруа

Ч - чемпион, чай

4,8(2 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ