Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.
Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.
Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
Анаға баланың алалығы жоқ.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман
(Қорқыт).
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Ана көркі алдындағы баласы,
Қала көркі үйі, орман-ағашы.
Аналы баланың өзі тоқ,
Анасыз баланың көзі тоқ.
"Анамды жақсы көргендіктен келісін түйдім.
Аулымды жақсы көргендіктен желісін сүйдім".
Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
Ананың басқан жерінде пейіш бар.
Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
Ананың сүйген жері
отқа күймейді, оқ та тимейді.
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.
Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
Анасыз өмір — сөнген көмір.
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Анасы ұятсыз болса,
баласы миятсыз болады
Объяснение:
Объяснение:
Көптеген аңыздар мен мифтерге арқау болған осынау әсем әрі құпия жәндік махабаттың, бақыттың, адалдықтың символы саналады. Батыста үйлену тойларында көгершіндердің орнына көбелектер ұшырып, жас жұбайларға бақыт пен пәк махаббат тілейтін көрінеді. Бунақденелі жәндік тұқымына жататын көбелектердің 157 000 түрі бар екен. Басқа да жәндіктер секілді көбелектер де көктемде тұқым көбейтеді.
Көбелектер аралардан кейінгі тозаңдандырғыш. Көбелектер табиғатын зерттейтін ғылым «лепидоптерология» деп аталады. Ең ірі көбелек қанаты 30 см болатын «Attacus aitas» түнгі көбелегін жиі құстармен шатастыратын көрінеді.
Ең шыдамды көбелек – «Монарх». Ол мыңдаған шақырымдарды тоқтаусыз ұшып өтеді.
«Монархтың» жылдамдығы сағатына 12 шақырымды болады екен. Тіпті сағатына 31 шақырым ұшып өтетін түрлері де кездесетін көрінеді. Көздің жауын алатын әсем жәндіктердің бір құпиясы – олар күннің сәулесі болмаса ұша алмайды. Бір қызығы, көбелектің қанаты түссіз мөлдір болады екен. Күн сәулесі мен сан – алуан гүлдер тозаңынан түзілген ғажап түстер, қаттылау нәрсеге тисе немесе қажалса түсіп қалады.