Жай сөйлем Жай сөйлем- бір не бірнеше сөз бен сөз тіркестерін құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі: - Құрамындағы сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады; - Екпін тұтастығы сақталады; - Сөздердің орын тәртібі сақталады. 91 бет 4-тапсырма Тірек сөздерді пайдаланып, 5 жай сөйлем құра. Тірек сөздер: өлке, жер, атамекен, аспан, ел, самал ДАМ 20Б
Бүгінгі таңда кітап сыйлау кең тараған. Кітапты өте мұқият таңдау керек. Ол сыйлық алушы адамның талғамына сай болуы керек. Алтын ереже-кітапқа ешқашан жазу жазуға болмайды, оған тек қана автор құқылы. Кез-келген басқа жазу кітапты бұзады, егерде жылы лебіздеріңізді қалдырғыңыз келсе, құттықтау қағазын қыстыруға болады.
Әрбір сыйлық-сыйлық сыйлаушының жан-дүниесінің айнасы. Сыйлық сыйлау ол міндет емес, көңілдің, жылы қатынастың белгісі. Сыйлықты алдын-ала ойластырып алғаны жөн болар. Сыйлық сыйлау-ол өнер, оны кез-келген өнер сияқты үйренуге болады. (80 сөз)