1)
Арман: – Анашым!Мен бүгін шешендік өнерден бірінші орын алып келдім!
Анасы: – Жарайсың, құлыным!“Өнер алды - қызыл тіл” демекші,тіліңді қастерлеп еркін сөйлеп,осындай байқауларға қатысуың да бір өнер ғой.
Арман: – Ия,анашым.Мен сізбен толықтай қосыламын.Алайда,маған әлі де дайындық керек,көп кітаптар оқуым керек...
Анасы: – Қазір барып қалаған кітаптарыңды кітапханадан алайық та, екеуміз отырып дайынлалайық.Әлі де сені жүлделі орындар алады деп сенемін,балапаным.
Арман: – Міндетті түрде!
3)
Мұғалім: – Қане,кім жылатты Динараны?Мойындаңдар!
Оқушылар: –
Динара: – Апай...Әли мені жылатқан.Ол маған “ сен қортықсың ” деп тиісті.Әрі бұл бірінші рет емес.
Әли: – Апай,мен ойнаған едім...
Мұғалім: – Динара маған жылап келмесе,бұл қылығыңды жалғастырар ма едің сонда?Қане,кешірім сұра!
Әли: – Динара,сөзім тиіп кетсе,кешірші.Мен әдейі емес.Бұдан былай қайталанбайды.
Динара: – Жарайды...
Мұғалім: – Оқушылар,“ойнап сөйлесеңдер де,ойлап сөйлеңдер”!Ендігде мұндай жағдайлармен кездеспейтін болайын!
Оқушылар : – Ия!
2)
Анар: – Кеше білесің бе...
Айым: – Анар,ал сен білесің бе көп сөйлейтініңді?Сен мектептегі бар жағдайды білетін шығарсың...
Анар : – Не дегің кеп тұр сонда?
Айым : – “ Көп сөз - күміс,аз сөз - алтын ” ғой...Әрине,мен қарсы емеспін сенің менімен қызықтарыңды бөліскеніңе... Меніңше,сен ертең болатын байқауды ұмытып кеткен секілдісің.
Анар : – А?Не байқау?
Айым : – Әне көрдің бе?!Мен саған кездескен бойда мен бақ сынайтын байқау туралы айтып,қолдау сұрап жатқанымда,сен сөзімді бөліп өз әңгімелеріңді айтып кеттің ғой.
Анар : – Мүлдем есімнен шығып кетіпті ғой.Кешірші...
Айым: – Әрине кешіремін.Бірақ мен сенің бұдан былай өзгелер туралы жаман сөздер айтқаныңды дұрыс деп санамаймын.
Анар: – Мен тырысамын бұл жағымды жеңуге!
Подробнее - на -
могу обяснить что это вообще значит:
женщина должна распланировать чем будет заниматься или чем будет кормить семью ближайшие три дня, а мужчина в свою очередь обязан распланировать следующие три года жизни.
можете так начать эссе:
Әйел мен еркектің көру деңгейі әртүрлі десек қате болмайды. Мәселен, әйел, үйдің ұйытқысы, анасы жақын жерді көруге жаралған, ол дәл ертең жанұясына қандай кешкі ас пісіруге болатынын, кімнің киімін үтіктеу керегін, кімдікін бүтіндеу керегін қамдап жүреді, ал ерлер қауымының ойы басқа болуы тиіс. Олар отбасысын немен асырайтынын, қалай үйге қаражат әкелерін ойлап әлек болады, яғни нәзік жандыларға қарағанда жақын жерді емес, алысты көреді. Бірі жақынын, бірі алысын ойламаса үй ішінде тіршілік болмайды, бәрі аш қалады, сондықтан да үш күндігін ойламаған әйелден, үш жылдығын ойламаған еркектен безу жөн.
Объяснение:
Батпақ
Батпақ емес жай ғана
Бұл араның батпағы,
Жүре алмайды тайғанап,
Адам түгіл, ат-тағы!
Айналған ба желінге
Аспан мына, расында?!
Желім деген желім бе
Бұл батпақтың қасында!
Қара бұрым салбырар,
Қара бұлттар қалықтап.
Қонышыңды қалдырар,
Ұлтаныңды алып қап!
Шоферді сәл қолдаңыз,
Шатынамай, жұлынбай.
Ызыңдайды "Волгаңыз"
Балға қонған шыбындай!
Болса мұнда біраз күн,
Батпақты бұл ұғады.
Жымпитыда "КамАЗ-дың"
Жан дауысы шығады.
Көрдіңіздер талайын,
Керегі не көп "мақтап!" ...
Қанша жақсы ағайын
Қалды сонда батпақтап!
Тамаша
Тамаша той-думанмен таң атырса
Сол кезде жаныңда әсем жан отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса
Тамаша тойлы ауылдың түнін көрсе
Түнде сол айдай сұлу теңін берсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсе
Тамаша қырдан қызыл түлкі ауласа
Түлкіге құмай қосып қиқулатса
Тамаша қаншығаңды қандап қайтса
Тамаша соның бәрі мүмкін болса
Тамаша қаншығаңды қандап қайтса
Тамаша соның бәрі мүмкін болса
Тамаша жүрегіңді қыстамаса
Таршылық жан-жағыңнан қыстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса
Халық
Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден"
Ә дегеннен ғибрат алып келем.
Ұлттар үшін
Жүз томдық жыр сездігі
Ұлы сөзден басталар
ХАЛЫҚ деген.
Шөңге де өлең,
Шөп те өлең,
Темір де өлең
Дей алмаймын, бауырым, өмірде мен.
Оңғаны жоқ адамның ешқашан да
Халық демей халықты,
Тобыр деген.
Тағдыр керек халыққа шұғылалы,
Тіл қатады ол биікке шығып алып.
Ақырзаман болғанда
Ағзамдар да
Аяғына халықтың жығылады.
Халық барда, қарағым, қауіп бар ма!
Сол халықтан туады алыптар да.
Тәңір деген,
Құдірет,
Құдай деген,
Алла деген сөз бе екен халық барда?!
Ұстап тұрып айтайын,
Міне, күлше:
Кейбіреулер осы елдің түлегінше
Көлгірсиді...
Ол сөзбен ойнағандар
Ойыншы емес -
Ойыншық,
Біле-білсе!
Бір-бірімен достасқан,
Құдаласқан
Халық десе,
Жер түгіл,
Бұғады аспан.
Атпайды да,
Аспайды ол -
Ұмытады -
Перзент үшін жаза жоқ одан асқан!
Айтпау керек,
Бұл сөзді ұғу қажет!
Ұғу қажет,
Құлақты жыму қажет.
Тіліңіздің ұшында тұрмай ол сөз,
Шыңыраудан шымырлап шығу қажет!
Мен бұл сөзді ұсақтап,
Майдаламан.
Ел-жұртымсыз - белгісіз - қайда қалам?!
Ақын болып бірдеңе жазарымда
Халық болып алдымен ойлап алам!