Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық.
Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отврып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген. Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік. Балалар өлең оқиды.