тапсырма, 97 бет. Тірек сөздерді пайдаланып « Менің туған өлкем» деген тақырыпта
шағын мәтін құра( 8-9 сөйлем). Мәтінде деректі және дерексіз зат есімдерді пайдалан.
Тірек сөздер: туған өлке, сағыныш, арман, асқар тау, көк аспан, махаббат, нұрлы жүрек,
шалқар көл, ну орман.
Өлең жолдарында кездесетін көркемдегіш тәсілдер:
1) Аллитерация кездеседі:
Буыршының жалғыз қырқар азуы.
Бөкеннің желіп өтер төрт саны. Бұғының ауыр қара мүйізі.
Бидайықтың жалғыз соғары,– деген жолдардың басында "Б" дыбысы қайталанып тұр.
Аллитерация – дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Автор бұл әдіс арқылы әдеби тілді ажарлап,сөздің реңін келтіре түсті.
2) Өлеңде бірнеше эпитет бар:
Олар: жалғыз қырқар азуы,желіп өтер төрт саны,ауыр қара мүйізі,жалғыз соғары,ұзын құйрығы,Ақ Орданың.
Эпитет – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын көркемдегіш тәсіл.Автор эпитет арқылы заттардың сипатын ерекшелеп тұр.