М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nastyasergeeva9
nastyasergeeva9
06.03.2021 01:37 •  Қазақ тiлi

Ақынмен сұхбат ( любой ақын )​

👇
Ответ:
brainsofi1
brainsofi1
06.03.2021

Жүрсін Ерманмен сұхбат.

Журналист: Қайырлы күн, Жүрсін аға!

Жүрсін Молдашұлы: Сәлеметсіз бе!

Журналист: Өзіңізбен ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақындар айтысын қайта жаңғырту мен оны теледидар мен радиода насихаттау ісінде айтарлықтай жұмыстар атқарған қоғам қайраткері ретінде бүгінгі сұхбатымызға қатысып отырғаныңызға алғыс білдіреміз!

Жүрсін Молдашұлы: Иә, ақындарды 1984 жылдан үлкен сахнаға шығарып, халық өнерін, ұлттық рухты көтеруге тырыстым. Ақындар айтысын жинақтап жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, “Қазіргі айтыстар” жинағын құрастырдым.

Журналист: Жалпы, ағасы, өзіңіздің қолдауыңызбен 80 жылдары айтыс өнері қайта жанданғандай болды. Осы кездегі айтыс өнері жайлы не айтасыз?

Жүрсін Молдашұлы: Өткен ғасырдың 80-ші жылдары ұмыт болып бара жатқан өнер халыққа қайта қызмет көрсете бастады. Жалпы, Тәуелсіздікті дайындаған айтыс өнері болды деп айтсақ артық емес. Сонау советтік дәуірде халықты оятып, рухын көтерді. Сөйтіп, 80-ші жылдары алысқа бармайды деген өнер ХХ ғасырда өз дамуын тапты.

Журналист: Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 80-ші жылдардағы айтыс өнері мен қазіргі айтысты салыстыруға бола ма?

Жүрсін Молдашұлы: 80-жылдардағы айтыс пен қазіргі айтысты салыстыруға келмейді. Өйткені, қазір айтыстың көркемдік, интеллектуалдық деңгейі өсті.

Журналист: Сұхбатыңызға көп рахмет! Халық қазынасы саналатын айтыс өнерінің дамуына қосқан зор үлесіңіз үшін халықтың атынан рахмет айтамыз!

Жүрсін Молдашұлы: Сізге де көп рахмет!

Объяснение:

4,7(14 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
mazaeva333
mazaeva333
06.03.2021

Асан қайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен: Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер»,—екен депті.

Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен»,— деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан ≪Үш қара≫ атанған екен таудың аты.

Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен»,— депті.

Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен»,— депті.

Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен»,—депті.

Шідерті деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Бос жылқы шілдерлеп қойғандай тоқтайтын, жылқының қонысы екен»,— депті.

Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. «Неге үндемейсіз?» — дегенде, аз тұрып: «Өлеңтінің суы — май, Шідертінің шөбі — май»,—деп жүре беріпті.

Сілентіден өтіп Жалаңаштың тұзына барғанда: «Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің»,— депті.

Есіл өзенін көргенде: «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен»,— депті.

Нұраның бойын көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен»,— депті.

Торғай өзенін көргенде: «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен»,— депті.

Терісаққан деген өзенді көргенде: «Сарыарқаның тұздығы екен»,— депті.

Жеті қоңырды көргенде: «Сарыарқаның маусымы екен»,— депті.

Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қара тауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен»,— депті.

Сулы Келес, Ңұрлы Келес өзендерін көргенде: «Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін. Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен»,— депті.

Асан қайғы бүкіл алты алаштың (қазақтың) жер-суын, қонысын көрем, бұларға жағдай туғызамын деп көп заман өмірін далада өткізіпті. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріпті.

Асан қайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: «Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау!» — депті.

Яссы қаласын (қазіргі Түркстан) олардың қожамолдаларын көргенде: «Ай, қарыс жері бір арық, жер сорлысы мұнда екен, әйелі семіз, ері арық, жұрт сорлысы мұнда екен»,— депті.

Шыңғырлауды көргенде: «Ай Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ, Шыңғырлау сен өсірдің!» — деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып: «Шыңғырлау

өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап-қунап кетейік»,— деген екен.

«Ай Жанарыстан, жырымдай суға бола шетте қалдың-ау есіл, ерім-ай»,— деп бір төбеге келіп жылап тұрған екен.

Асан қайғы Бекарыс тұқымынан, Орта жүз; қайтыс болған жері Ұлытаудың басы болса керек.

 

Объяснение: ну выберешь что нужно перепишешь все правильно гарантия

4,4(74 оценок)
Ответ:
вика3879
вика3879
06.03.2021

                              Дене сымбаты

Қазақ тағамтану академиясының өткізген зерттеулері Қазақстандағы ересек тұрғындардың жартысынан астамы (52,4%) артық дене салмағына немесе семіздікке шалдыққандығын көрсетеді. Толықтық – көптеген аурулардың себебі екендігі анықталған. Сондықтан денсаулықты сақтау үшін дене салмағын бақылауға алу аса маңызды.

                                    Денсаулық                                                                                                 Денсаулық - зор байлық деп ата бабаларымыз босқа айтпаған . Денсаулығы бар адам бай адам , денсаулығы жоқ адам - құр адам . Əр бір адам өзінің əрбір қадамымен күн сайын өзінің денсаулығына зиян келтіруде . Мысалы : темекі шегу - бұдан біздің бауырымызға , тістерімізге , денсаулығымызға зиян келеді ; минералды сусындар - coca cola сияқты құрамында зиянды ашытқылары бар соктар асқазанымызға зиян ; ғаламтор - ғаламторда отқан кезде біздің денемізге ультра күлгін сəулелер түседі . Ал біз денсаулығымызды сақтауымыз үшін - таза ауамен тыныс алуымыз керек , көп тамақ жемеуіміз керек , спортпен шынығуымыз керек . Денсаулық баға жнтпес байлық , сен қанша жерден бай болсан да , денсаулықты ақшана сатып ала алмайсын !

4,8(30 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ