Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
Лирика- лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі.
Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген