Жеңіс.
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде Бекзат Саттарханов пен Серік Сапиев сынды боксшыларымыздың есімдері Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі олар Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарының чемпиондары.
Бекзат Саттарханов - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Осы ағаларымыз Олимпиада ойындарында қарсыластарын жеңіп, көк туымызды желбіретіп, Казақстан атын әлемге әйгілі еткен спортшылармыздың қатарында.
Қырманда ала жаздай еңбек еткен, енді міне күз келе жемісін көріп жатыр.
Аяздың салдарынан қыстыгүні шаруа қожалық иесі көп шығынға батты.
Алдыңғы жылға қарағанда биыл перзентханада балалар көптеп дүние есігін ашты.
Менің анам таңсәріден тұрып, пеш жағып, сиырды сауып, балаларына таңғы ас әзірлейтін.
Қалада қара кешке дейін жургендегі бітірген шаруам осы.
Асылым, күнұзаққа жатпай, далаға шығып, талдарды суарсаңшы