М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ashurovaalbina8
ashurovaalbina8
19.08.2022 15:39 •  Қазақ тiлi

Әдеби тіл нормалары 3.
Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздер мен фразеологизмдерді синонимдерімен ауыс
тырып баяндаңдар. Ауыстырған сөздерді дәптерге жазыңдар.
Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен
саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын «Үшар» деген тазысы, желмен
жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс
болады. Сол кездегі елдің әдет-ғұрпы бойынша, өлген кісіні жерлегеннен
кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп
келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көз
тазыны іздесе, ол ұшты-
күйлі жоқ болып шығады. «Ескі жұртта қалған шығар»,
— деп, бұрынғы
қоныстарына қайтып келсе, айтқандай-ақ, Үшар иесін қиып кете алмай,
мола басында сай-сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мұны
көрген анасы да:
Жалғызымнан айырылдым, қанатымнан қайырылдым. Үшар, Үшар,
ке, ко... деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мен
иесінен айырылған тазы
қос мұңлық қосылып күңіренеді. Қорқыттың
осы оқиғаға байланысты тебіреніп шығарған күйі «Үшардың ұлуы» деп
аталады.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
katiapopovici
katiapopovici
19.08.2022

ответ:неге

Зілді бұйрық

Әдеби эссе

Жамбыл Жабаев - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы.Оның қаламынан небір жыр мен дастандар жазылды.Солардың бірі де бірегейі – «Зілді бұйрық» өлеңі.Аталмыш өлеңінде ақын патшаның 1916 жылы қазақтан соғыстың қара жұмысына адам алу туралы жарлығына батыл қарсылық білдірген.

Жамбыл Жабаев бұл өлеңді көнеден қалған тарихқа жүгініп жазбады.Ол сол кездегі осы бір азапты оқиғаны көзбен көрген жандардың бірі.Өлеңнің:

«Верныйден» жандаралдар бұйрық қылды,

Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. ,

«Отыз бір - он тоғызды алад» деген

Суық хабар халықты бұлқындырды.

Жылады сорлы халық, малын айтып,

«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -

Дейді де еңірейді, егіледі,

Қайғының күні-түні күйін тартып,-деген жолдары соның дәлелі.Ақын өлеңге еш фантастика қоспай,сол бір бейнет заманның,кара халықтың жай-күйін,мұң мен зарын осылайша әсерлі жеткізуінің өзі бір шеберлік десек,қателеспейміз.

Халықтың өміріндегі қуанышқа да,күйінішке де ортақ бола білген ақын әрдайым көптін қамын алдыңғы кезекке қойып сөйлегендігін шығарманы оқып отырып-ақ түсінеміз.Ханның емес,халықтың сөзін жырлаған өлеңінде сол дәуірдегі оқиға мен ақынның айтайын деген ойы үндестік тапқандығы таң - тамаша етеді.Зұлымдықтың Верныйден қазақ еліне аяқ басуы,тіс қайрауы,халықтың жұмылып қарсы шығуы,кінәсіз жандардың нақақ қамалуы,атылуы бейне бір шешілмес түйін,шыңырау іспетті.Шым-шытырықты Жамбыл Жабаев:

Аттандық ұлығының қонысына,

Елді сорған борсықтай болысына.

Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып

Көксеген азаттықтың соғысында,-деп,аңсаған егемендік жәймен келе салмайтынын,оған деген жолда ел азаматтарының құрбан болатындығын күйіне айтады.

Қорытындылай келе айтарым,Жамбыл Жабаевтың "Зілді бұйрық" өлеңі біздің ата бабамыздың өмірінен өнеге мен өсиет береді.Әлбетте,қазір еліміз аман,жұртымыз тыныш.Сол үшін де тарих сахнасында осы бір ел тыныштығы үшін қыршыннан кеткен тұлғаларға алғысымыз шексіз және біз олармен,осындай ел жанашыры Жамбыл Жабаевпен мақтанамыз.

4,7(47 оценок)
Ответ:
olgabelova51487
olgabelova51487
19.08.2022

Сөз құдіреті дегеніміз-дәл тауып айтылған, ақыл-ой түйдіретін,болған оқиғаны не болмаса бір оқиғаны көркем түрде суреттеп,әңгімелеп беретін, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін мәнді әрі мағыналы сөз.

Дана халқымыз ежелгі заманнан бері сөздің құдіретін түсінген. Бір ауыз сөзбен дау-жанжалды, ел арасындағы алауыздықты шешіп отырған. “Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле” деп, айтатын сөзіңді ой елегінен өткізіп барып айт деп айтып кеткен. Өйткені бір ауыз сөзбен-ақ адам көңіліне қаяу түсіріп,ренжітіп алуға болады. Сол сияқты, бір ауыз сөзбен адам көңіліндегі қайғыны сейілтіп, көңілін аулауға болады

4,6(85 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ