М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
planeta88
planeta88
16.06.2021 03:52 •  Қазақ тiлi

Макал мателдерді катыстырып, туган жер туралы ойтолгау жазындар.​

👇
Ответ:
zarinaa2004
zarinaa2004
16.06.2021

ответТуған жер.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» демекші, мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

«Отан оттан да ыстық» екені баршамызға мәлім. Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.

Менің туып - өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және пайдалы қазбаларға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Сондықтан ойымды «Туған жердей жер болмас, туған елдей  ел болмас» деген мақалмен тәмамдағым келеді.:

Объяснение:

4,5(15 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
daqqwe
daqqwe
16.06.2021
Кун(бітеу буын)
к - дауыссыз,қатаң
ү - дауысты  жіңішке ашық еріндік
н - дауыссыз үнді
                                    3 әріп 3 дыбыс
ауа ашық буын
а -дауысты жуан ашық езүлік
у - дауысты жіңішке ашық еріндік
а -дауысты жуан ашық езүлік
                                                         3 әріп 3 дыбыс
құс - тар(бітеу буын бітеу буын )
қ-дауыссыз қатаң
ұ-дауыссыз жуан қысаң еріндік
с-дауыссыз қатаң
т-дауыссыз қатаң
а-дауысты жуан ашық езулік
р-дауыссыз үнді
                                                     6 әріп  6 дыбыс
4,4(31 оценок)
Ответ:
Dabby1
Dabby1
16.06.2021

Азық – түлік дүкенінде.

Қазіргі таңда дүкеннен кез – келген тауарды сатып алуға болады. Кішігірім дүкендер ет дүкені, көкөніс дүкені, азық – түлік дүкені, жуғыш заттар дүкені, балалар дүкені т.б. болып бөлінсе, сонымен қатар үлкен супермаркеттерде осы аталған заттардың барлығы бір жерде түрлі бөлімдерге бөлінген. Ал қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында біздің қоғамымызда "уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқандықтан, бұл өте тиімді, әрі ыңғайлы, себебі барлық дүкендерді шарламай керек – жарақтың бәрін бір жерден сатып алып, өзіңе ыңғайлы жолмен есеп айырысу мүмкіндігі бар.

Мен анаммен дүкенге барғанды ұнатамын. Біз көбінесе тәулік бойы жұмыс істейтін «Магнум» супермаркеттер желісінен үйге керекті азық – түлік пен басқа да қажетті заттарды бір жерден сатып аламыз. Әдетте, анам керекті заттар тізімін жазып, өзімен бірге алып жүреді. Мен, әсіресе, көкөніс пен жеміс – жидек бөлімінде сауда жасағанды ұнатамын – бұл жерде әрбір сатып алушы өзіне керегінше көкөністер мен жеміс – жидектерді таңдап, өзі таразыға салып өлшеп, бағасын жапсырады. Анам маған бұл бөлімде заттарды таразыға салып өлшеп, электронды таразының батырмасын өзіме басуға рұқсат береді.  

Ал сіздің отбасы керекті азық – түлікті қандай дүкеннен сатып алады?

4,8(14 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ