М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mariyasidorova1
mariyasidorova1
06.05.2020 18:51 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. “Көне қала сыр шертеді" тақырыбында мәтін жаз.
2-тапсырма. Аңыз,ескерткіш, бойтұмар, танымал
сөздерімен сөйлем құра.3-тапсырма. “Өркениет" сөзіне фонетикалық
талдау жаса,​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
nickieivanov
nickieivanov
06.05.2020

ответ:Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 75

жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та

ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ

үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың

мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен

офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың

ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейді.

Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен

жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері

Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана

емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы

мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні –

абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға

деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді.

Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында

600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза

тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.Осы қарияларымызға ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды

бейбітшілік, мықты денсаулық тілеймін!Ал кейбіреулері өмірден өтті,жаткан жерлері жайлы болсын!

Объяснение:

Жеңіс күні такырыбына(2)

4,5(43 оценок)
Ответ:
Nkpr
Nkpr
06.05.2020

Қазақ халқын өзге ұлттан даралап тұратын дәстүрдің бірі де бірегейі – жеті ата ұстанымы мен ұрпақ шежіресі. Жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты арттырады. Бастысы, батыс ғалымдары енді ғана дәлелдеп жатқан қан тазалығының кепілі бола алады. Ертеде балаға 7-9 жасынан бастап ата тегін үйрету міндетті болған.

«Жеті атадан ілгері қыз алысқандар бүгіннен бастап болмауы шарт жарағы. Әгәр олай болса, болғанына көз жетсе, жұбайларды тең бас қылыштамақ шарт». Бұл Жәнібек ханның Жарлығы.

Сол заманда жеті атаға толған күннің өзінде бір рудың жастары некелесетін жағдай туса ру ақсақалдары бозбиені сойдырып, бір пәтуға келіп, баталасып барып рұқсат беретін болған. Осылайша жеті атадан үш жүзге дейінгі біртұтас туыстық бітім бірнеше ғасырлар бойы қазақ халқы бір атаның баласы, бір тамырдан тараған деген ұстанымды орнатқан.

Ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектіліктің негізі болған жеті атаны рет-ретімен дұрыс санаудың да өз жолы бар.

Қазақ даласында туысына немесе қан жақындығы бар адамға үйленген жігітті қатаң жазалап, тіпті елінен алысқа қуып жіберетін заң болған деседі. Бұл ұлт тазалығы мен саналы ұрпақ тәрбиелеудің қамы екені белгілі.

Туысы бірдің - уысы бір. Ғалымдар жеті атаға дейінгі ұрпақ алмасу шамамен біржарым ғасырға созылатынын дәлелдеп отыр. Ал осы дәстүрді елемеудің салдарынан туындайтын мыңнан аса ауру түрінің бар екендігін ескертіп дабыл қағуда.

«Жеті ата не үшін керек? Біріншіден, қан тазалығы. Екіншіден, жеті атаға дейін адамдар бір-біріне туыс болады. Исламдық ұғым бойынша «омырау ембесе болды» деп ағасының баласын, қарындасының қызын алып жатса, ислам шариғаты оған жол береді. Ал, бұрынғы бабаларымыздың ұғымы бойынша мұндай туыстықтан береке кетеді. Елдің іші бүлініп, ауызбіршілік жойылады деп жол бермеген. Ата-бабамыз жеті өзеннен өтіп барып қыз алысу керек деген», - дейді филология ғылымдарының докторы Дүкен Масымханұлы.

4,5(11 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ