Американдық The Forbes басылымы әлемдегі экологиялық таза мемлекеттердің рейтингін шығарды. Швейцария – ең таза ел. Бұл мемлекет судың сапасы, ормандардың саны және тазалығы, пестицидті аз қолдануы бойынша ең жоғарғы балды жинаған. Екінші орында – Швеция, ауаның ластану деңгейі төмен, ауыз суы таза. Үшінші орында – Норвегия, өзінің суының сапасымен, ауасымен, санитариясымен мақтана алады. Норвегтер тыныс алу жолдары ауруларына сирек шалдығады. Азиaттық Тынық мұхиттық аймақтағы ең таза мемлекет Жаңа Зеландия екен, мұнда ел басшылығы қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөледі. Жапония ормандық ресурстарды сақтау бойынша ең жоғарғы балды алған, ауаның ластану деңгейі төмен, онда химиялық пестицидтерді пайдалануға шектеу қойылады. Жапондардың ұлттық дәстүрлерінің бірі – қоршаған ортаны, ағаштар мен гүлдерді, жануарларды аялап, қорғау дәстүрі а жастан сіңіп, қалыптасады. Сондықтан Жапонияда әрбір маусым бойынша табиғатта серуендеу кең өріс алған, мысалы: көктемде жабайы шиенің (сакура) гүлдеуін, күзде үйеңкі орманын тамашалау ұлттық мекерелердің біріне айналған. Қазір осылардың бәрін батыстан да көруге болады.
Германия табиғатты қорғаумен байыпты түрде айналыса бастаған алғашқы батыс елдерінің бірі. Қазір «жасылдар» партиясының өкілдері герман парламентінде де отыр. «Жасылдар» партиясы мен табиғат қорғау ұйымдарының жұмысы арқасында Германия қоршаған ортаның жағдайына бақылауды қатал қолға алып, атом электр станцияларын жаба бастады.
Экологиялық саясат алдын алу шараларына, «ластаған ақшасын төлейді» принципіне көшу керек. Табиғатты қорғауға бағытталған заңдардың заман талаптарына сай жүйесін қалыптастыру және күшейту қажет.
Дескриптор Білім алушы
- Жанры
- Құрылымы
- Тілдік құралдар
- Мақсатты аудиториясы
- негізгі және қосымша мәліметтерді анықтайды;
- анықталған ақпараттарды тірек-схема, менталды карта, презентация түрінде ұсынады.
-Салем!
-Салем!
-Сен таңертең ұйқыдан тұрғанда су ішесің бе?
- Жоқ, не үшін?
-Сен білесің бе, таңертең ашқарынға су ішсең - Асқазан-ішек жолдарының жұмысы жақсарады әрі денсаулыққа өте пайдалы!
- Мәссаған, мен білмеппін!
- Ал сен білесің бе суды барлық кәсіпорындарда, өндіріс салаларында,тұрмыста - барлық жерде қолданады! сусыз біздің өміріз қандай боларын елестетудің өзі қорқынышты!
- Иә, оның рас! Айта кетсек, сусыз тіршілік жоқ! Судың да сұрауы бар дегендей адамдар суды үнемдеп қолданса екен деймін! Себебі, ғаламшарымызда ішуге жарамды тұщы су қоры өте аз!
-Әттең, соны кейбір адамдар түсінбейді ғой!