М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
wasuablezko
wasuablezko
26.08.2021 07:13 •  Қазақ тiлi

Қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен жылқы. Оны жасына,
түсініктері бар. Мысалы, түйені өсу жолымен бота, тайлак,
буыршын, буырлыш, нарша, бұзбаша, інген, атан, бура
атайды. Түйені қасиетіне қарай біртуған, бекпатша, мая, жел.
мая, құлпатша, нар, аруана, жампоз, қоспақ, балқоспақ, мырза
қоспақ, үлек деп бөледі.
Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал
түріне қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен
қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп ажыратады. Бұрынғы ел
қорғаған батырлар жылқы iшiндегi таңдаулыларын
жорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз бедеу, дүлдүл, ар-
ғымақ деп сипаттап, ерекше дәріптеген. Ауыз әдебиеті туынды
ларында жылқыға тіл бітіріп, батырдың жан серігі деп бағалаған.
Халық сиырды жасына қарай құнажын, дөнежін, сиыр, бу-
зау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, өгіз, бұқа деп атай
ды. Қойды түріне және жасына қарай қозы, марқа, тоқты,
бағлан, тұсақ, азбан, ісек, ақауыз, қошқар, саулық деп бөледі.
Ал ешкіні лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп жіктейді.
Малдың қадір-қасиетін тәжірибелі халқымыз «түйе
танат, жылқы мақтан, сиыр - қанағат, қой –
Қазына» деп
бағалаған.
Сал-
(«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан. 3 сұрақ қойыңдар ​


Қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен жылқы. Оны жасына,түсініктері бар. Мысалы, түй

👇
Ответ:
nazarborovichok
nazarborovichok
26.08.2021

Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

4,4(18 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kalinkamalinka369
kalinkamalinka369
26.08.2021

Нәтиже сабақ

1.Тәуелдік жалғауда тұрған сөзді табыңдар. 

а)анам,әкең

2.Өзбек халқы үлкенге де,кішіге де кім дейді?

в)сіз

3.Буын түрлері нешеге бөлінеді?

г)3

4.Ана,әке сөзіне жалғанатын ілік септігінің жалғауларын атаңдар.

в)-ның,-нің

5.Не-ме-ре сөзіндегі буын түрін ажыратыңдар.

б)ашық буын

6.Адам бетіндегі әжім нені аңғартады?

г)біраз өмір сүріп,қиындық көргенді

7.Адамның бойын сипаттайтып сөзді атаңдар.

а)орташа,ұзын

8.Мұрын сөзінде қандай буын түре бар екенін атаңдар.

в)ашық,бітеу

9.Ілік септігі жоқ сөз тіркесін табыңдар.

в)әдемі айна

10.Сыпайы болу дегеніміз не?

б)әдеп сақтау,әдептілік үлгісін,мәдениеттілікті көрсету

2.Бақылау сұрақтарына жауап беріп,тапсырмаларды орыңдар. 

1.Отбасы мен Отанның арасында қандай байланыс бар?

"Отан – отбасыдан басталады" деп бекер айтпаған.Бұл екі ұғымның арасында үлкен байланыс бар.Бала отбасыда көрген тәлім-тәрбиені Отанына көрсетеді,жұмсайды.Отбасы ол – "кішкентай Отан".

2.Тәуелдік жалғау жалғанғанда сөзге қандай мағына береді? Мысал келтіріңдер.

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіреді.Мысалы:Менің дәптерім,атам.Қойдың үлкені.Мектептің кілті.

3.Дыбыс үндестігіне бірнеше мысал келтіріңдер.

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді:буын үндестігі,дыбыс үндестігі.Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады.Мысалы: Әке,шегіртке.Аға, саулық,ғалам.Дыбыс үндестігі дегеніміз - қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі.Мысалы:қалалық, мәнерле, мәжіліске, мектепте сияқты мысалдарда қала, мәнер сөздеріне қосымшаның үнді дыбыстан басталып жалғануына сөздің соңындағы дауысты және үнді дыбыстар әсер еткен.

4.Буын және оның түрлері туралы айтыңдар. Ата,әже,бала сөздерін буынға бөліп, буынның түрлерін ажыратыңдар.

Буын (фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып,дауысты дыбысқа аяқталып тұратын буын (а-ра,ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым); 2) тұйық буын — дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін буын (ат, өт, ас); 3) бітеу буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). 

А - та (ашық буын - ашық буын),ә - же (ашық буын - ашық буын),ба - ла (ашық буын - ашық буын).

5.Адамға сіз деп сөйлеу нені білдіреді?

Ол адамның сыпайылығын,кішіпейілдігін,ибалылығын білдіреді.

6.Айналайын деген сөздің қасиеттілігі неде? Анаңның сені еркелетіп жиі айтатын сөзі қандай?

Қазақ халқы бұл сөзді ертеден бастап қолданған.Ол ізгі сүйіспеншілікті,махаббатты білдіреді.

Онысы "сенің жолыңда менің жаным құрбан" немесе "саған келген пәле маған болсын" дегені...

Анам мені жиі "аппағым","тәттім" деп жиі еркелетеді.

4,7(21 оценок)
Ответ:
SHILW
SHILW
26.08.2021
Күздің бір күнінде біз отбасымызбен саяxатқа қала сыртына шықтық. Ауа райы да қолайлы болып қоңыр күздің самалымен лескен тау бөктерінде таза ауамен тыныс алып демалған күйді жеткізе алар емеспін. Біз саяxаттаған жер қала маңынан алыстау болғандықтан ол жерде уялы телефонның байланысы ұстамады, тіпті керек те болмай қалды. Біз демалысқа саяxаттап шыққан соң озімізбен тамақ ала шықтық, әкем етпен кәуап істеді, анам түрлі тәтті бәліштер пісіріп шыққан еді. Дәмді болғаны соншалық барлығын таусытып, кешкісін уйге қарнымыз ашып келді. Осылайша біздің саяxат ойдағыдай жақсы көңіл күймен өтті.
4,5(17 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ