неше ? және нешінші ? болады
Объяснение:
Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.
Адамзаттың ақылман абызы атанған Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы, дана, бас ақыны. Ол-ХІХ ғасырдың рухани кеңестігімізге тарту еткен аса бір талантты тұлғасы. Ұлы ақынның шығармалары әрбір оқырманның жүрегінен орын алады. Оның асыл мұрасы – өлеңдері мен қара сөздері сан ұрпаққа үлгі болып қала бермек.– Одан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ, – деп Ахмет Байтұрсынов өткен ғасырда ұлы ақынға мәңгі өлмейтін баға берген. Иә, Абай – мәңгі өшпес мұра қалдырған кемеңгер, ұлы ойшыл, данышпан ақын. Оның артында қалдырған мұралары – мәңгілік қазына. Ұлы Абайдың шығармаларының ішінде шоқтығы биік туындылары – оның қара сөздері.
Объяснение:
Егер дұрыс болса Лучши ответ кыла аласыздар ма? Алдын ала рахмет