Қазақ – табиғатында кеңдікті, дарқандықты жақсы көретін халық. Сондықтан ұлымыздың қанындағы адами құндылықтар, барлық қасиеттер кең болу, жомарттық, адалдық, ар, намыс, ұят, адамгершілік, абырой, тәрбие ұғымдарымен астасып жатыр. Әсіресе ұят, абырой, адамгершілік намыс ұғымдарының тілдегі бейнеленуі, лингвофилософиялық көрінісі кең әрі жан-жақты талдауды қажет етеді. Себебі сөз арқылы, сөздің астарымен мәні зор ұғымдарды жеткізудің шебері атанған қазақ халқының тілмен тәрбиелеу құдіреті күшті. Сондықтан қазақтың әрбір даналық сөзінде үлкен тарихи оқиға, философиялық терең ой, ұлттық тәрбие негізі жатыр.
Дәрігер болғым келеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Ар – намыс туралы эссе.
«Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа» деген халық даналығында өте терең мағына, тәрбие жатыр. Себебі, намыс - намысқойлық – адамның ар-ождан үні, рухани-құндылықтық сезімі. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады.
«Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат» деп, қазақ халқы қашан да ар – ұждан, намыс секілді ұғымдарды аса жоғары бағалап, қастерлеген. Себебі, бұл – адамдықтың белгісі. Намыс қашанда керек деп есептеймін, кез келген жерде, кез келген жағдайда. Мысалы, ғылым мен білімде, мәдениет пен өнерде, спортта, т.б. салаларда өз ұлтының намысын биік қойған адам бәсекеге қабілетті болуға талпынады. Намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды. Патриоттық сезімді арттырады. Өз еліңнің, жеріңнің қадірін айрықша білуге, қастерлеуге үйретеді.
Ал менің қазіргі жастарға, өзімнің құрбы – құрдастарыма айтарым – «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қағиданы әрқашан есте сақтап, ар – намыстың қадірін біліп, ұлттық намысымызды сақтай білейік.