Түрксіб теміржолы - 1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстардың бірі, Орталық Азия мен Сібірді қосатын темір жолы. 1941 жылы жолдың пайдаланымдық ұзындығы 2088,4 шақырымды құрады. Жамбыл – Қаратау, Көксу – Текелі жаңа желілері салынды. Бекеттік жолдардың толық ұзындығы 557 шақырымға тең болды. Соғыс жылдарында Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналды. Соғыс еліміздің бүкіл теміржолдарының, соның ішінде Түркістан – Сібір магистралінің алдына әскери жүктердің үздіксіз тасымалдарын, майданға әскери эшелондарды, әскери техниканы, ал қорғаныс өнеркәсібі үшін көмір, металл және басқа да маңызды жүктерді уақытында жеткізуді ұйымдастыру бойынша жауапты міндет қойды. Түркістан - Сібір темір жолы, Түрксіб – 1927 – 1930 ж. Қазақстанда салынған темір жол торабы. 1926 ж. 26 қарашада БК(б)П ОК осы т. ж. торабын салу жөнінде шешім қабылдады. Ол Орт. Азияны, Қазақстанды және Сібірді өзара байланыстырып, халық ш-ның дамуына үлкен әсер ететін құрылыс ретінде салынды. Түркістан - Сібір Темір Жолы торабын Луговая бекеті. мен Семей қ. аралығындағы 1470 км-ге тарту жоспарланды. Құрылыс жұмыстары екі жақтан солт-нде (Семей) 1927 ж. көктемде, ал оңт-нде сол жылдың күзінде басталды. Құрылыстың қарқынды және сапалы жүруіне РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан құрылған, Т.Рысқұлов жетекшілік еткен Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитеті көп еңбек сіңірді.
Түркістан - Сібір Темір Жолы торабының салынуына М.Тынышбаев өзінің біліктілігімен елеулі үлес қосты. Магистраль өтетін жол бойы 20 ғ-дың бас кезінде де зерттелген еді. 1927 – 1928 ж. ол қайтадан зерттелді. Соңғы зерттеу барысында магистральдың бағыты өзгеріп, рельстік жолды қысқартуға, соның нәтижесінде бірнеше ондаған миллион сом қаржыны үнемдеуге мүмкіндік туды. Луговая – Бішкек – Алматы арқылы өтетін Қордай бағыты орнына жол Шоқпар асуы арқылы тартылып, 23 км қысқарды. Солт-те Лепсіге соқпай, Балқаш бағыты қабылданды, бұл жолды 73 км қысқартты. Жол қатынасы халық комиссариаты құрылысқа инженерлер мен техниктер жіберді, тек 1930 ж. қазанда өзге өңірлерден 668 маман теміржолшылар (паровоз машинистері, оның көмекшілері, слесарьлар, т.б.) келді. Түркістан - Сібір Темір Жолы Қазақстанда кәсіби теміржолшылар мектебін қалыптастыруға елеулі ықпал етті. Мұнда құрылысшылардың саны 1928 ж. 21 мыңға, 1929 ж. 40 мыңға, ал 1930 ж. 50 мыңға жетті. Құрылыста істегендердің басым көпшілігі жергілікті тұрғындар болды. Құрылыс жұмыстары 1928 – 29 ж. өте қызу жүріп, 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ ст-нда Оңт. және Солт. жақтардың жолы қосылды. Осы кезеңге дейін Түрксібте 12 млн. м3 жер қазылып, 1644 км негізгі және бекеттік жол салынды. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал, т.б. өзендер арқылы темір көпірлер салынды. 1928 ж. Ертістің тар сағасында 11 күн ішінде 300 м-лік уақытша көпір, кейін 600 м-лік тұрақты көпір салынды. Түркістан - Сібір Темір Жолы жоспарлы мерзімнен бір жыл бұрын, 3 жыл 9 айдың ішінде аяқталды да, 1931 ж. 1 қаңтардан бастап тұрақты пайдалануға берілді.
1941 жылдың 24 маусымында 18 сағатта ҚЖХК еліміздің, соның ішінде Қазақстанның теміржолдарындағы пойыздар қозғалысын айрықша әскери жұмыс кестесіне ауыстырды. Онда бірінші кезекте әскери эшелондармен, әсіресе, мобилизациялық іс шараларымен байланысты жүктердің өте жылдам қозғалысы қарастырылды. Жолаушы пойыздарының, сол сияқты қорғаныстық мәні жоқ тасымалдардың қозғалысы едәуір қысқарды.
Әлімсақтан «жетім көрсең жебей жүр» деп келе жатқан қазекем бүгінде осы сөздің парқына жете алмай жатқанға ұқсайды. Жетімдері көбейген, балалар үйінің саны ұлғайған еліміз қарасаң жүрегің қан жылайтын халге түсті. Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақтың қазіргі күйіне кімді кінәлаймыз? Қоғам кінәлі ме, әлде мәселе әке-шешеде ме? Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Айналып келгенде барлығы да тәрбиеге, ата-ана өнегесіне келіп тіреледі. Баяғының бойжеткені мен бозбаласы қандай еді? Ал қазір мүлдем басқа. Әдемілік пен көркемдіктің, инабаттылық пен әдептіліктің, ар-ұяттың белгісі ретінде бағаланған қыздарымыз қазіргі таңда тән сұлулықтарына көңіл бөлем деп, жан сұлулықтарын мүлде ұмытып қалған. Әрине, барлық қыз баласына күйе жақпаймын. Алайда, бір құмалақ бір қарын майды шірітетіні барлығымызға белгілі емес пе? Ал ер жігіттеріміз қазақ қызының, яғни, өз «қарындасының» намысын таптайды, жауапкершілік дегенді атымен білмейді. Ия, бойындағы арын емес, бетіндегі әрлеуін ойлаған қазақ қызы мен өне бойы құмарлыққа, ой-санасы ақымақтыққа толған қазақ жігітінің арқасында талай қазақ сәбиі ана қамқорлығы мен әке ұлағатынан қол үзіп, жетім атанып жатқан жайы бар. Сондай жетімдер саны, өкінішімізге орай, күн санап артып келеді. Бұл біздің қазақ қоғамына төнген үлкен қауіп, қатерлі дерт. Осы дерттің асқынып кетуін алдын-алу Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. Бүгінде республикамызда жүз елуден астам жетімдер үйі бар. Жыл сайын қазағымның қара домалақ ұлдары мен қара көз қыздары шетелдік азаматтардың қамқорлықтарына ие болуда. ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек,1999-2014 жылдар аралығында 8169 сәбиді шетелдіктер асырап алған. Соңғы он жылда қазақстандық жетім балалар әлемнің отызға жуық еліне әкетілген. Бұл жағдайымыз еш жарамас. Құрметті, қазақ жастары! Қазақ қызы және қазақ жігіті деген абыройлы атқа сай болайық! Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қарттарын қадірлеген қоғамымызды қайта жаңғыртайық!
Объяснение: