Қазіргі сән туралы менің ойым.
"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.
Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.
Келешекте өзім де киім безендіру мен тігу саласында жұмыс істесем деп ойлаймын.
Менің ең сүйікті затым ол – менің ролигім. Менің ролигімнің түсі- қызыл. Мен оны жазда, күзде және коктемде тебемін. Және де мен онымен бірге көптеген қызықты оқиғаларды басымнан өткіздім. Құрбыларыммен қыдырғанда ролигімді алып барам.Мен ролигімді өзім ғана теппей құрбыларыма да беремін. Мен ролигімді кішкентай балалардан жоғары қоямын. Мен тез жаз мезгілі болғанын қалаймын.
Книга
Маған ұнайтын кітаптың аты "Өткен күннен белгі бар". Өйткені ол- қасиетті кітап. Оны қасиетті дейтінім – оны менің үлкен атам Хамит Кәмәлиұлы Досжанов жазған. Осы кітапта атам өзінің әкесі Кәмәли Досжанұлы туралы және ол кісінің басынан кешкенін жазған. Кәмәли атамның жарының аты Шошан болған. Хамит атамның шығармаларының кейбіреуін атап шыққым келеді."Сәлем де саудаға түскені ме», «Пай-пай қазақтың келіндері- ай!", "Торғай деген киелі,қасиетті сөз".
Хамит атам өзінің жары Майра Молдағалиқызына арнап, "Менің Майрам" деген өлең жазды.Мен Хамит атама алғыс айтқым келеді.Өйткені ол кісі бұл кітапты жазбаса мен жеті атамның қандай болғанын,қалай өмір сүргенің білмеуші едім.