М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Dan3251
Dan3251
15.05.2021 15:02 •  Қазақ тiлi

1-Желтоқсан тұңғыш президент күні эссе көмек беріңіздерші ​

👇
Ответ:
Natashakr10
Natashakr10
15.05.2021

ответ:Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

Объяснение:

4,8(80 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
grenki476
grenki476
15.05.2021

Балқаш – әлемдегі ірі тұзды көлдердің бірі және оның жанындағы қаланың атауы.Балқаш көлі – Қазақстандағы ең үлкен көлдердің бірі. Көлемі жағынан екінші орындағы тұзды көл, ал әлемде 14-ші орында. Оған Іле, Қаратал, Ақсу, Аягөз, Лепсі, Бақанас, Тоқырауын өзендері құяды.

Ертеректе халқымыз бұл көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген. Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Өйткені көлдің бұлы жағы тұщы су: Іле, Қаратал, Ақсу, Иентек өзендері келіп құяды әрі жер астынан тұщы су шығып жатыр. Сырт көрінісі мөлдір. Ал көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел оған "Жұмбақ көл" деп атау берген. Бұл тұстан көлге Лепсі мен Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан келіп қосылмайды. Сондықтан көлдің бұл жағы ащы, түсі қаракөк. Көлді "Ұзын арал" деп аталатын арал ортасынан ұзақ екіге бөліп тұр.

Балқаш – көл аты, көне гидронимдердің бірі, ежелгі гидрографиялық термин. Бұл атау жөнінде бірнеше лингвистикалық жорамал бар. Ертеректегі тарихи деректерде Балқаш, Батпақкөл, Көкшетеңіз түрлерінде айтылған. Қытай деректерінде Жо-хай көлі деп келеді. Атау құрамындағы хай қытайша "теңіз" мағынасын береді.

Е.Қойшыбаев өзінің еңбегінде С.Толстов айтқан "Балқаш атауының бірінші сыңарындағы "бал/бар – көне түбір" деген пікірді қуаттап, "балқаш атауы көне түрік тілінде су мағынасын білдіретін "балық" сөзіне гидронимикалық "аш" қосымшасы жалғанып, сын есім түбіріндегі атау пайда болған" дегенді айтады. Яғни, Балқаш – "су шалқыған өңір" мәніндегі көне түркі сөз тіркесі деген пікірге тоқталады.

Ал ғалым, этнолингвист Ә.Қайдар Балқаш атауы "бал+қаш" түбірінен пайда болған дегенді алға тартады: негізгі түбір "бал (ва) – сулы, балықты, батпақты", ал "қаш – балшық, сұйық, жабысқақ, тартпа, сулы дымқыл" деген мағыналарды білдіреді. Демек балқаш (немесе бал+жыр) дегеніміз сулы, балшықты, батпақты жер деген мағынаны білдіреді деген пікір айтады.

Б.Бияровтың айтуынша, түркі тілдерінде балғаш (туб.), палгаш (түрік.) нұсқалары кездеседі. "Топонимжасамда белсенді емес (терминнің көнелігінен болса керек), бірақ тың атау жасау барысында, егер нысан сәйкес келіп тұрса, термин ретінде жаңғыртуға болады" дейді.

Ал "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде" Балқаш сөзіне "мал жайылымына қолайлы, шөбі шүйгін, сулы, соны жер" деген анықтама берілген.

Э. Мурзаевтың зерттеуінше, түркі тілдерінің көпшілігінде "тув. балгаш, түрк. палгаш "батпақты, томарлы жер" мағынасын береді. Бұл екі пікірге де ортақ сема "сулы, дымқыл жер" болып келуі екені байқалады.

4,6(100 оценок)
Ответ:

"Астана-Бәйтерек монументі" (эссе)

Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, "бәй" - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек "Бәйтерек" екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда.

4,8(12 оценок)
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ