Үзік- Киіз үй жабдығы. Ол туырлықтан жоғары уықтың өне бойын жауып тұратын алты баулы киіз. Оның жоғарғы шетін үзік қасы, төменгі іргесін үзік жабдығы дейді.
Туырлық- киіз үй жабдығы. Уықтың қарынан асырып, үзіктің етегін ала керегенің аяғына дейін жабылады.
ответ: Менің ойымша Серік Қонақбаевтің Қазақстанның спорт саласын дамытудағы рөлі өте үлкен.Серік Қонақбаев 14 жасынан бастап спорт саласына қызығып,үлкен жетістіктерге жетіп,әлем кубогінің иегері атанып,өзінің бағын сынаған.Кейін Серік Қонақбаев жастардың боксқа деген қызығушылығын артып,кішкентай балаларды спорт саласына үйретіп,оларды жақсы жаттықтырып,бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті.Ол осы кішкентай балаларды қазірден спорт саласына жақсылап үйретіп,өзі секілді үлкен жетістіктерге жететін спортшы жасайды деген ойдамын.
Объяснение:
Объяснение:
Ит - адамның досы. Қазақ халқы:"ит - жеті қазынаның бірі" деп бекерге айтпаған.Итті көптеген елдер қастерлеген.Әсіресе,қазақ халқы итті досымыз деп білген. Ең алғаш қолға үйретілген аң ит екен.Ит адамға аң аулап,азық табуға,қорғануға көмектескен. "Ел жатпай - ит тынбас" демекші,ит - отбасының,үйдің сақшысы.Олар тіпті адамдар жасай алмаған ерліктерді де жасай білген.Мысалы,ғарышқа алғаш Белка мен Стрелка деген иттер ұшқан еді. Иттердің өз иелеріне деген адалдығын көрсететін көптеген шығармалар мен фильмдер бар.Хатико атты иттің өз иесін көптеген уақыт бойы күтуі,"Меган Ливи" атты фильмдегі Рекс деген иттің иесін бірнеше рет қорғап қалуы деген секілді туындылар көп-ақ. "Жақсы ит - иесінің көзі, құлағы" деген екен дана халқымыз.Шынымен де,иттер адам көрмеген нәрсені көріп,сезінеді.Сондықтан да,жеті қазынамыздың бірін қастерлей білейік.
Тоғын– шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
Шаңырақ– үйдің бас бөлігі.
Күлдіреуіш– түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.
Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.
Қаламдық– уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.
Қаламы– уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы.
Уық– шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
Алақаны– уықтың кереге басына бекітілетін басы.
Иіні– уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
Кереге– жиналған кереге (үй қабырғасы).
Керегенің басы– керегенің жоғарғы жағы.
Керегенің аяғы– керегенің жерге тірелген жағы.
Көз– керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)
Азат көз– керегенің көктелмеген жерлері.
Желі– керегені құрайтын ағаштар.
Ерісі– ағаштардан кереге құрайтын ұзыны.
Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
Қары– уақтың иініне дейінгі бойы.
Ыру– уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр.
Сықырлауық– киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
Маңдайша– екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
Босаға– маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.
Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек.
Жабық– туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.
Күйеу қазық– шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзын ағаш.