Ақшақар.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.
Әсіресе балалар Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күтеді. Біреулері Аяз Аятаның сыйлығына, екіншілері Ақшақардың көйлегі мен көз тартар сұлулығына қызығады. Кішкене қыз балалар көбіне ақ көйлек киіп, өздерін Ақшақар елестетеді. Аяз Ата мен Ақшақар балалардың өнерлеріне тәнті болып, әзірлеген сыйлықтарын ұсынады.
Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.
Жануарлардың неше түрі болады. Кейбірі – ірі, тағы бірі – кішкентай, енді бірі – алып. Горилла, шимпанзе, піл, кит, керік және түйе – алып жануарларға жатады. Оларды Арктикадан Сахараға дейін барлық жерлерден кездестіруге болады. Олар денесінің тем пературасын бір қалыпты ұстап, суықта да, ыстықта да белсенді тіршілік етеді. Алыптар шөпқоректілердің де, етқоректілердің де арасынан кездеседі. Ірі жануарлардың миы да үлкен болады. Өйткені олардың мимен байланысқан жүйке тамырлары көп. Бұл жануарлар өз бойынан тараған жылуды өзінде сақтап қалулары керек. Олардың денесіндегі жүн мен терісінің астындағы қалың май қатпары жылудың сыртқа шығып кетпеуін қамтамасыз етеді. Күн ыстық кезде, жылу жануар денесіндегі тері бездері арқылы тер болып шығады. Сондықтан олар басқа жануарлармен салыстырғанда суды көбірек ішуге мәжбүр.