Менің есімім Бекзат.Менің есімімнің мағынасы керемет.Жалпы мағынасына үңілсек,"БЕКЗАТ – бек + иран тілінен алынған зат , зада — бектің ұлы, бектен туған перзент."-деген мағынада.Менің есімімді (кім қойған соны жазасын апам атам деген сияқты)қойды.Мені бек секілді немесе өз әкемнің мақтан тұтатар баласы болсын деген мақсатта қойған.есімімді қойған адамның айтуы бойынша мені болашақта "Бек"-яғни үлгі тұтар халық азаматы болғанымды қалаған.Маган өз есімім ұнайды.Себебі көп есімдердің мағынасы араб тілінде кездеседі.Ал менің есімім иран тілінде және мағынасы терең.!
қажетіңе жараса куаныштымын
Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан. Уақыт - емші, уақыт - төреші деген де бар. Осылайша, ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған.
Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады. А уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ. Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін біл, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біл, қысылтаяңнан бұрын бос уақытты қадірле және өлмей тұрып, тірілігіңді ғанибет біл деген сөз содан қалса керек.