М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Қазақ “түсі игіден түңілме” дейді. Шынында да адамның бет-бейнесі мен мінез-құлқы өзара тығыз байланысты. Бір сәт әйеліңіз, досыңыз, қызметтес жора-жолдас, бастығыңыздың бет әлпетіне назар салыңызшы. Олардың жүзіндегі әжім, қас-қабақ, тіпті құлақтағы сырғасына дейін іште бұғып жатқан әлдебір жұмбақ сыр, құпия арман-тілектерінен қандай да бір мағлұмат беретінін сезіну қиын емес. Шашы құлпырып тұратын адамдар басқаға шапағат тигізу үшін энергияны бойына үнемдеп жинап, кенжелеу өсіп жетіледі. Керісінше, қараторы адамдар өзгелердің энергиясын көбірек сіңіру үшін той-жиын, ойын-сауыққа құмар келеді. Жирен шаштылар қолпаштап, мақтағанды жақсы көреді.
Ерік-жігері мол, өз-өзіне сенімді адамдар шаштарын қысқа қидырады.
Сопақтау бет-әлпет адамның текті, жан-дүниесі бай, парасатты екенін танытады. Беті трапеция формалас әйелдер айналасына нұр сеуіп, жұртты үйіріп жүреді. Беті ірі сүйекті, квадрат формалы жандар барынша тәуекелшіл, табыстан табысқа жете бергенді қалайды. Сондай-ақ олардың қатыгез, дөрекі болуы да ықтимал.Дөңгелек жүзділер сәнді тұрмыс құрып, көңілді жүргенді ұнатады.
Қастың түзу болуы – жұмсақ мінез белгісі. Мұрынға қарай дөңгеленіп біткен қас-қатыгездік нышаны. Қастардың ортасы бірігіп тұрса, ол пақыр мейліше қызғаншық деген сөз. Ұзын әрі қалың қас – ақыл-ой, мінез-құлық, эмоциялық сезімнің жарастық табу белгісі. Егер қалың қастың үш жағы күрт жоғары көтеріліп тұрса, ол адамды қашанда табысты болу үшін жаралған деуге болады. Ал қастың ұш жағының төмен қарай бітуі – жан жұмсақтығы, сыпайылық пен қарапайымдылық көрінісі.
Орақ мұрындылар ескі көзқарастан оңай қайтпайды, тәкәппар, сезімге берілгіш. Қоңқақ мұрын иелері өркөкірек, менмен, тәкәппар, паң, өзгенің пікіріне құлақ аспайды. Алмұрт тәріздес етжеңді мұрын иелері – жолы болғыш, қолдарынан бәрі келетін, епті, қай салада да биік мансапқа жетуге бейім. Сүйір мұрындылар күдікшіл, қатыгез жараланғыш, ұстамсыз, тұрақсыз. Бүркіт мұрындылар – тұрақсыз, сараң, кекшіл, т.б.
Адам ерні де үлкен мәнге ие. Үстіңгі ерні үлкен адамдардың мінезі тұрақсыз, өз-өзіне шамадан тыс сенімді. Төменгі ерні салбыраңқы адамдар – өзімшіл, кінәмшіл.
Түрік ерінділер – көргенінен жазбайтын, ойы тайыз, болмашы қиындықтарға төтеп бере алмайтын дәрменсіз. Томпақ ерінділер қызу қанды, қиялы жүйрік, тың идеялары мол, жұмыс орнында да, отбасында да кез келген шаруаны тез бітіреді, сезімтал, тез еліккіш, бірақ онша адал емес.
Жұқа, қаймақ ерінділерге тән қасиеттер: кінәмшілдік, тұйықтық, бірбеттік, күдікшілдік. Төменгі жақ сүйегі шығыңқы жандар – қашанда өзімшіл, менмен.
Көздері кішкентай адам – тұйық, түнеріңкі, жабырқау, бірақ қашанда тұрақты, табандылығымен ерекшеленеді.Әдемі үлкен көзді адамдарға ақыл-ой, ерік-жігер, қызу қандылық басым. Қара, қызыл, қоңыр, жасыл көз – бойда қуат көзінің көптігі, көгілдір көз – сезімталдық, сұр көз – адалдықтың белгісі болып саналады.

Выписать слова из текста, которые описывают внешность и характер человека

👇
Ответ:
holodovika
holodovika
29.03.2023

Внешность: әжім, қас-қабақ,жирен шашты, қараторы, сопақ бет, дөңгелек бетті, бүркіт мұрынды, сүйір мұрынды, түрік ерінді, кішкентай көзді, томпақ ерінді, қоңқақ мұрын, сұр көзді.

Характер: мақтаншақ, сыпайылық, қарапайымдылық, қатігез, дөрекі, адалдық, сезімталдық, тұйық, түнеріңкі, бірбеттік,күдікшілдік, қызу қанды, тез еліктегіш, онша адал емес,сараң, кекшіл, өзімшіл, кінәмшіл,көңілді, тәуекелшіл, жұмсақ мінез.

4,5(32 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
DirolFix
DirolFix
29.03.2023

Жауап:

1820 жылы ағылшынның Брейтан қаласындағы жазу қағаздарын сататын дүкеннің қожайыны Бревер тұтынушылардың өз тауарына деген қызығушылығын арттыруды ойластырып, жарнама жасауға бел буады. Таңертең тұрғындарды таң қалдыру үшін түнімен жұмыс істейді. Дүкен ашып, үлкен терезесіне орасан зор пирамида жасап қояды. Пирамиданың астыңғы бөлігінде газет беттерін басатын қағаздарды қойса, жоғарғы жағы визит парақшалары мөлшеріндегі қағаздармен өрнектеледі. Елден ерекше бұл көрме расында да жұртты қайран қалдырады. Көпшіліктің назары, әсіресе, пирамиданың ұшар төбесіндегі кішкентай парақшаға түседі. Хат жазуға ыңғайлы қағаз. Тек почтамен  жөнелту үшін, оны алушының мекен-жайын қайда жазарын білмей әбігер ететіні болмаса. Мұның өзі Бреверді мекен-жай жазуға ыңғайлы жаңа пакеттерді ойлап табуға итермелейді. Дәл сол 1820 жылы тапқыр ағылшын қағаз қалтаның аздаған партиясын жасап шығарып, оны сатылған қағазға қосымша ретінде тегін беретін болды.

4,6(24 оценок)
Ответ:
alisherpitbul
alisherpitbul
29.03.2023

Владимир Михайлович Смирнов (7 наурыз 1964 ж.Қазақ КСР, Көкчетав облысы) - кеңестік және қазақстандық шаңғышы, 1994 жылғы Олимпиада чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы, Олимпиаданың төрт дүркін күміс және екі мәрте қола жүлдегері, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы. ХОК-тың бұрынғы мүшесі. Үлкен хрусталь глобустың екі дүркін жеңімпазы (маусым 1990/1991/1993/1994). ХХ ғасырдың 80-90 жылдарының екінші жартысында әлемдегі ең күшті шаңғышылардың бірі.Ол шаңғы тебуге ерте мектеп жасынан бара бастады.

Бірінші жаттықтырушы дене шынықтыру мұғалімі Владимир Браташов болды. Содан кейін ол Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Унгефукпен бірге жаттығады.

1979 жылы жастар арасында КСРО чемпионатында 15 жасында ол екінші және төртінші орындарды иеленіп, алғаш рет шаңғы жарысынан КСРО жастар құрамасына кірді. 1981 жылдан бастап ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатыса бастады, онда команда құрамында эстафеталық жарыстарда жеңіске жетті.

Ол жеті әлем чемпионатына қатысты, төрт алтын (1987, 1989, 1993, 1995), сонымен қатар 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Ол екі рет Әлем кубогының иесі болған: 1991/92 және 1993/94. Бірнеше рет Кеңес Одағының чемпионы болды. 1996 жылғы Азия Журналистер Конгресі жылдың үздік спортшысы деп танылды.

Төрт Олимпиада ойындарына қатысты: XV Қысқы Олимпиада ойындары, Калгари, 1988 ж., 30 км: күміс медаль, 15 км: қола медаль, эстафета 4 × 10 км: күміс медаль, XVI Қысқы Олимпиада ойындары, Альбертвилл, 1992, XVII Олимпиада Қысқы ойындар, Лиллехаммер, 1994 ж.: 50 км классикалық (алтын медаль), 10 км классикалық (күміс медаль), 15 км қудалау (күміс медаль), XVIII қысқы Олимпиада ойындары, Нагано, 1998 ж.: 15 км (қола медаль).

1980-1992 жылдары ол КСРО құрамасында Қазақстанның атынан өнер көрсетті. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, шетелде тұрып, дайындықтан өтіп, барлық маңызды жарыстарда ол әрдайым Қазақстанның туы астында өнер көрсетті (1992-1998). Ол 1994 жылы Қазақстан Республикасының атынан Олимпиада чемпионы атанды.

Ол үлкен спортта 1999 жылы өнер көрсетті. 1999 жылы желтоқсанда Лозаннада өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің 110-шы кезектен тыс сессиясында ол толық мүше болып сайланды.

Наганода өткен Олимпиадада спортшылар В.Смирнов Халықаралық Олимпиада комитетінің Атлеттер комиссиясының құрамына сайланды. 2000 жылы ХОК Атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.

2002-2010 жж. Қазақстан биатлон федерациясының президенті болды.

4,5(44 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ