қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т. б. тұлғалардағы) деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, Көп ойнасаң, бала боласың (мақал). Көкек көріп қарлығашты қиғаш келіп амандасты (Ш. Смақанұлы). Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Басқаға жануарды теңгермедім (С. С). Берілген мысалда ойласаң, ойнасаң (сен не істесең?), боласың (сен не істейсің?), көріп, келіп (көкек не істеп?), амандасты (көкек не істеді), көрмедім, теңгермедім (мен не істедім?) деген сөздер заттардың (сен, көкек, мен) қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Сондықтан бұл сөздер етістік болып табылады.
Етістік құрамына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып бөлінеді. Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі етістік деп аталады. Мысалы: кел, бар, жүр, көр, бер, ал, қойды, айтты, жайды, үйіп, көріп, алған, салған т. б.
Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Мысалы: ойна, шегеледі, қарайып, көгерген, басқарса, кушейіп т. б. деген етістіктер ойын, шеге, қара, көк, бас, күш деген түбірлерге (есім сөздерге) -а, -ле, -й, -ер, -қар, -ей жұрнақтары жалғану арқылы етістік жасалған.
Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар мыналар:
1. -ла, -ле, -да, -де, -та, -те; шеге-ле, таза-ла, бас-та, т. б.
2. -а, -е: ойн-а, бос-а, мін-е т. б.
3. -ай, -ей, -й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й т. б.
4. -ар, -ер, -р: ағ-ар, көг-ер, қысқа-р т. б.
5. -ғар, -гер, -қар, -кер: бас-қар, ес-кер, тең-гер т. б.
7. -ыра, -іре: сарқ-ыра, жарқ-ыра, желб-іре т. б.
Етістік грамматикалық тұлғаларға бай сөз табы болып табылады. Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі мәнді болуымен бірге етістік сөйлемде сол қимылды атқарушы субъектімен және объектімен әр қилы қатынасына байланысты (шақтык, жақтық, райға қатысты), болу-болмауына байланысты т. б. мәндік ерекшеліктерді білдіріп отырады. Олардың әрқайсысы белгілі тұлғалар арқылы жасалады.
Етістіктің ондай ерекшеліктері негізгі және көмекші етістік, дара және күрделі етістік, болымды және болымсыз етістік, сабақты және салт етістік болып бөлінуімен, сондай-ақ етіс, шақ, рай категорияларынан, көсемше, есімше, тұйық етістік сияқты ерекше тұлғаларынан, жіктелуінен көрінеді.
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Кейде етістіктің болымды және болымсыз, сабақты және салт етістік пен етіс түрлері лексика-грамматикалык категориялары, шақ, рай, жақ (жіктелу) түрлері грамматикалық категориялары деп те аталады.
1. Антонимдік қатар.
E) Жоғары-төмен.
2. Мезгілді білдіретін антонимдік қатар.
C) Ерте-кеш.
3. Ұяң дауыссыздан басталған қосымша.
D) Қағаздар. (Ұяң дауыссыздар:б,в,г,ғ,д,ж,з,һ)
4. Жұрнақсыз сөз.
C) Сары, сегіз.
5. Ілік септігіндегі есімдік.
B) Ешкімнің.
6. Қатыстық сын есім.
C) Таулы. ( Қатыстық сын - есім сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім.Тау+лы.)
7. Заттың, құбылыстың, мезгілдің аты ғана аталып көрсетілетін жай сөйлемнің түрі.
E) Атаулы сөйлем.
8. Тұрлаулы сөйлем мүшелері.
C) Бастауыш, баяндауыш.
9. «Мақтау» сөзінің синонимі.
A) Төбеге көтеру.
10. Дұрыс жазылған сөздер қатары.
A) Халқы, орны.
11. Сөйлемдегі дыбыс және әріп саны сәйкес келмейтін сөздер.
Сен мына оюыңды сатасың ба?
E) Оюыңды. ( ю әріпі йу қосарлы дыбыстарынан тұрады.Бұл сөзде 6 әріп,7 дыбыс.)
12. Сұраулық демеулік.
A) Көрме ашылды(ма). (Сұраулық демеулік шылаулар:ма,ме,ба,бе,па,пе,ше.Көрме ашылды ма?)
13. «Оқыс» сөзінің етіс түрі.
A) Ортақ.
14. Фразеологиялық тіркестің синонимі.
Екі езуі екі құлағына жету.
C) Қуану.
15. Туынды зат есім жасайтын жұрнақ.
B) -шық, -гіш, -гер.
Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қызы:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.
Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:
- Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі.
16. Кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқа
E) - Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда.
17. Мәтіннің негізгі идеясына қарама-қарсы мағынадағы мақал-мәтел
E) Жалқаулық – жаман ауру.
18. Мәтіндегі «жақсылардың жақсысы»
C) Ұршық, кітап.
19. Мәтінде кездесетін адамның жас атауы
D) Бойжеткен
20. Негізгі ой айтылған сөйлемді
E) Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады.