М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Kamjla1
Kamjla1
31.07.2020 23:53 •  Қазақ тiлi

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауының қомпозициялық құрылымына талдау жасаңдар

👇
Ответ:
pampey2
pampey2
31.07.2020

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Байұлы тайпасы Беріш руының Қаратоқай бөлімінен шыққан[1]

Мұрат Мөңкеұлының мазары

Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.

Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.

Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған

4,4(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
алхожа
алхожа
31.07.2020
Рулық жағынан  келетін болсақ жақындық жеті атамен шектеліп қалмайды әрине. Адам-Атадан бастап шежіре тарқатыла береді. Соның ішінде жеті атаңды талдап , жете білсең адаспайсың деген тағлым ғой. Жеті атадан ары қыз алып, қыз берісуге бола береді, оған дейін туыстық жалғасады деген тәмсілмен дана бабаларымыз халқымыздың қан тазалығын сақтап келген, және оның өте-мөте дұрыс жол екенін қазіргі медицина да мақұлдап, ғылыми жолмен дәлелдеп отыр. Ал жеті ата атауына келсек ол былай жіктеледі: 1. Ата. 2.Бала. 3.Немере. 4 Шөбере. 5.Шөпшек. 6.Немене. 7.Туажат. 8.Жекжат. Жекжат жеті атаға кірмейді.Жекжат-деген енді қыз алысып,қыз берісіп бір бірімізбен туыстық қатынастан,құдалық қатынасқа көшуге жол ашық деген сөз. Бұрынғы кедерде жеті атадан асып, сегізінші атаға келгенде сол рудың ақсақалдары айналасындағы басқа руларға хабарлап, өздерінің өскенін-өнгенін, қыз алып,қыз беруге жеткенін жариялап, бүгіннен бастап қазақ халқына тағы бір ру қосылды деп ер жетіп отырған бір қыз бен бір жігітке рұхсаттарын беретін болған. Бұның өзі үлкен мағанада боз бие сойылып,әлгі үй болатын жастарды соның сүтімен шомылдырып, ру атын беріп, өсіп-өніңдер деп барлық ру басылары батасын беретін болған.Сондай жолмен қазақ рулары көбейіп отырған.

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/6793/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
4,5(73 оценок)
Ответ:
nastyap20032
nastyap20032
31.07.2020
Бізде қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді . Апай бізге сабақты жақсы түсіндіріп береді . Біз апай айтқан сабақты жақсы ұғып аламыз . Кейбір сабақтарда сергіту сабағы және топтық жұмыстар болады . Топтық жұмыстар кезінде біз түрлі- түрлі әдістер қолданамыз . Ол әдістер арқылы біз тобымыздың ұйымшылдылығы мен ынтымақтылығын көрсете білеміз . Қазақ тілі сабағында апай бізге қазақ тілі пәнінде сол тіл туралы кейде қызықты әңгімелер айтып береді. Біз қызыға соларды тыңдаймыз . Біз, әсіресе, қазақ тілі сабағында талдау жасау мен  ережелер айтуды жақсы көреміз . Өйткені оқығанда сабақ өте қызық болып көрінеді . Біз ерінген кезімізде апай сабақта бізді қайта жұмысқа кірісерлік мақал айтады :Оқу -білім бұлағы ,
                                          Білім -өмір шырағы.  
4,7(97 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ