Жауаптары:
Білу
1) Бес нәрсеге асық,бес нәрседен қашық бол дейді.
2) Бес дұшпан:өсек,өтірік,мақтаншақ,
еріншек,бекер мал шашпақ.
3) Бес асыл іс:талап, еңбек, терең ой,қанағат,рақым.
4) Ғылымды таппай мақтанбау керектігін,бір ғалымды көрсең,ондай бола алмаймын деп айтпа дейді.Болмасаң да,ғалым болуға тырысу керек дейді.Жанбай жатып сөнсеңіз,ғылымды сізге ешкім бермейтіндігін айтады.
Түсіну
1) Адам болу үшін бес нәрседен қашық боп,бес асыл іске асық болу керек.
2) Сен біреу үшін білім үйренсең сенің білгенің бекерге кеткені.Өзің үшін оқып-білу керек.
3) Себебі,сол жақсы қасиеттерден жақсы істер жасалады.
Жинақтау
Өлеңнің басты идеясы - жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы,алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі,міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау.
Қолдану
2) Кестені толтыру
Асыл іс. Бес дұшпан.
1 талап. өсек,
2 еңбек. өтірік,
3 терең ой. мақтаншақ,
4 қанағат еріншек,
5 рақым бекер мал шашпақ.
Қазіргі сән туралы менің ойым.
"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.
Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.
Келешекте өзім де киім безендіру мен тігу саласында жұмыс істесем деп ойлаймын.