Алуан түрлі із салғанның өзі еді, Өзінен де пайдалысы өзегі. (Қарындаш)Қабы сояу, Дiнi – бояу. (Қарындаш)Қысқа таяқ дiңi бар, Шиырлаған iзiнде Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)Ойларынды аңсаған, Асыл сөздi ақ алаңға, Түсiруден шаршаған, Мен емеспiн әмәнда. (Қалам)Тiл жоқ өзiнде, Сөзi бар iзiнде. (Қаламсап)Денесi бар шыбықтан, Темiр тұмсық құдықтан, Сусын алып iшедi, Ойы iз боп түседi. (Қаламсап)Жұқа тақтай бөлшегi, Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)Тау, қыр, жазық, өзен, көл – Қабырғада биік тұр. Нансаң, кел, өзің көр – Бір қағазға сыйып тұр. (Карта)Доп сынды келбетi, Онда бар түп-түгел, Әлемнiң әлпетi. (Глобус)Көкқұтанша ақ айдында, Бiр аяқпен тұрады. Тұмсығымен ол мұнда, Шыр айналып шығады. (Циркуль)Емес ол кітап та, дәптер де, Жүреді бірақ та портфельде. Көрсетіп ондағы бағаңды, Қуантып қоясың ағаңды. (Күнделік)Бiлiм менен тәлiм, Парақты ашқанда Беттерiнен мәлiм. (Күнделiк)Оқушыға күнде ерiп, Жүретiн не? (Күнделiк)Қабат-қабат қаттама, Қаттамадан аттама. Ақылын оның ала бер, Айтқан сөзін жатта да. (Кітап)Сөзі дана, үні жоқ, Сөйлемейді, тілі жоқ. Қолыңа алсаң – шешен, Ақылы асқан көсем. (Кітап)Тақтаны «досым» дейді, Өзін сол досы «жейді». (Бор)Төрт қырлы, өзi аппақ, Тақтадағы iзi аппақ. (Бор)Кең алаң – тақырдан, Шиырлап қайтады. Ақ қант қатырған. (Бор)Үстiне өттiм, Асыл сөз жазып. (Дәптер) .Ұшымен қазық Тор көздi жазық. Үстiне өттiм, Асыл сөз жазып. (Дәптер)Үстiнде есiгi, Өзi орындық, әрi үстел, Оқушылар бесiгi. (Парта)Iлулi тұр кең алаң, Керегiмдi мен одан. Жазып алам көшiрiп, Сүртем сосын өшiрiп. (Тақта)
Төрт түлік мал төлінен бастап:
Түйеде:
1 жасқа дейінгі төл - бота;
1 - 1,5 жастағысы - буыршын (ұрғашысы - бұзбаша) деп аталады;
піштірілген еркек түйе - атан, қосөркешті еркек түйе - бура, сыңар өркештісі - үлек;
қос өркешті (айыр) және сыңарөркешті (нар) түйелердің алғашқы ұрпағын - қоспақ (біртума), екінші ұрпағын - балқоспақ, үшінші ұрпағын - мырзақоспақ;
тұңғыш ботайлайтынын - қаймалы, одан әрі боталай беретінін - інген, нардың ұрғашысын - аруана дейді.
Жылқы төлдерін былай бөледі:
құлын (биенің жас төлі),
жабағы (6 айдан асқан құлын),
тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:
құнажын байтал (2 жастан асқаны),
дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
бесті бие (4 жастан асқаны),
қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.
Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:
құнан айғыр (2 жастан асқаны),
дөнен айғыр (3 жастағысы),
сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),
бесті айғыр (5 жастағысы),
сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.
Қой түлігінде:
Қой түлігі негізінен қозы, саулық, еркек қой болып үш топқа бөлінеді. Оның жаңа туған төлі қозы деп аталады.
Туу мерзіміне қарай қозы: арамза, кейе, қауқа, күнтимес, көпей, бөдене деп аталады. Жетіле бастағандарын марқа, бағлан дейді.
Саулық: тұсақ, саулық, бойдақ қой.
Еркек қой: ісек, қошқар, азбан болып бөлінеді.
Жасына қарай қой: тоқты, құнан қой, дөнен қой, ағауыз деп те аталады.
Ірі қарада:
1 жасқа толмаған төл - бұзау, баспақ, торпақ, одан үлкені - тайынша, тана;
1,5 - 2 жастағы ұрғашысы - қашар;
3 жасқа қарағаны - құнажын (құнажын сиыр, құнан өгіз);
4-ке қарағаны - дөнежін (дөнежін сиыр, дөнен өгіз);
5 жастан бастап сиыр, өгіз деп аталады.
Жынысы жетілген еркек малды - бұқа, піштірілгенін - өгіз дейді.