Екі дос Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс
қағысып, дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.
- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
Объяснение:
1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтауға арналған 2 нақтылау сұрағын құрастырыңыз. 1-мәтінБурабай дейтін елді мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты даусымен: «Уа, Тәңірім, мені жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша, тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз