М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ali20091
Ali20091
04.08.2021 04:15 •  Қазақ тiлi

4. Оқылым және тыңдалым мәтіндеріндегі сөздік құрамға енетін термин және кірме сөздерді теріп жазыңдар.​


4. Оқылым және тыңдалым мәтіндеріндегі сөздік құрамға енетін термин және кірме сөздерді теріп жазыңд

👇
Открыть все ответы
Ответ:
sandershvnz
sandershvnz
04.08.2021
Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінен пайдалы тағамдарды кездестіру қиын. Керісінше адам денсаулығына зиянды тағамдар күн санап көбейіп келеді.Ең қауіпті 5 тағамды айтып өтейін.

1. Джем
Дүкен джемдері өте зиянды. Өйткені оның құрамында жеміс-жидектерді бүлінбеген қалпында сақтайтын антиқышқылдар бар. Сонымен қатар бояғыш заттар да көп қосылады.
2. Попкорн
Жүгерінің адам денсаулығына зияны жоқ. Алайда оны дайындау барысында май, тұз, қант, дәмдеуіш, бояғыш пен хош иіс беруші заттар қолданылады. Попкорнға қосылатын тұздың мөлшері қытырлақтарға қарағанда әлдеқайда көп. 
3. Пісірілген шұжық
Пісірілген шұжық, қысқа шұжық, езілген еттен жасалған шұжықша, паштет секілді тағамдарға 40 пайыз шошқаның еті қосылады. 
4. Картофель фри
Картофель фридің құрамында майлы заттар көптеп кездеседі. Ал ол тез семіртіп, қант диабеті, атеросклероз, қатерлі ісік секілді ауруларға әкеліп соқтырады.  
5. Ұзақ сақталған сүт өнімдері
Екі аптадан артық тұрған сүт өнімдерін тұтынбаңыз. Өйткені олар сіздің ағзаңызға кері әсерін тигізеді. 
 Бұл тағамдарды ас мәзіріңізден алып тастаңыз. Сонда ғана денсаулығыңыздың жақсарғанына көзіңіз жетеді.
 
4,8(92 оценок)
Ответ:
niggaeasyreal
niggaeasyreal
04.08.2021

Мектеп кітапханасы туралы диалог.

- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.

- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?

- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.

- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.

- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.

- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.

- Ендеше бағымды сынап көрейін!

4,5(3 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ