Себеп салдар құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластың түрін себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дейді.
Себеп-салдар салаласта бір жай сөйлем екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдірсе, екіншісі білдіретін ой оның салдары болып табылады. Сөйтіп, салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірі себеп мәнді де, екіншісі салдар мәнді болады. Бірде себеп мәнді жай сөйлем бұрын тұрып, салдар мәнді жай сөйлем кейін тұрса, бірде керісінше салдар мәнді сөйлем бұрын тұрып, себеп мәнді жай сөйлем кейін тұрады. Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады. Жалғаулықты себеп-салдар салаластар өйткені, себебі деген шылаулар арқылы құрмаласқанда, алдыңғы жай сөйлем салдар мәнді болып келеді де, екінші жай сөйлем ондағы ойдың болу себебін білдіреді. Жалғаулықты себеп-салдар салаластар сондықтан, сол себепті шылаулар арқылы құрмаласса, алдыңғы жай сөйлем екінші жай сөйлемдегі ойдың болу себебін білдіріп, себеп мәнді болып келеді де, екінші жай сөйлем салдар мәнді
Өнер және білім негіздері
Бізге дейін жеткен ежелгі үнділіктер өнерінің тамаша туындылары діни сарайлар-храмдар болып отыр.Олардың екі түрі болған. Біріншісі-ашық жердегі тастан, кірпіштен ттұрғызылған храмдар. Екіншісі-үңгір ішіндегі храмдар. олардың екеі де түрлі түсті бояулармен сәнделген, әсем де құдіретті етіп салынған. Үнділік шеберлер тастан, күйдірілген қыштан әр түрлі мүсіндер жасады. Ауа райындағы жиі болатын өзгерістер, шаруашылық қажеттері жұлдызнамашылық пен есептеу бағытындағы білімді жетілдірді. Үнділіктердің жыл санауы бойынша, бір жыл 360 күнге, ол 12 айға, әрбір ай 30 күнге бөлінді. Б.з V-VI ғасырларында үнді оқымыстылары жердің шар тәрізді кенін біледі.Және де қазір біздер жазып жүрген сандарды арабтаросы үнділіктерден үйренген екен. Ежелгі үнділік кітаптарда әртүрлі аурулардың аты кездеседі. Мәселен, сары ауру, буын ауруы, бас ауруы, алапес және т.б. Үнділіктердегі емдеу бақсылықпен қатар жүрген