М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
milashkamilana2005
milashkamilana2005
17.10.2021 14:31 •  Қазақ тiлi

1. «Жерұйық» фильмінің режиссері кім және фильмде қай ұлттың ауыр жағдайы көрсетілген? 2.Фильмге кімнің естеліктері арқау болады? 3. Кинода қазақ халқының қандай қасиеттері бейнеленген? 4. Орынбай деген кім? 5. Фильмде не бейнеленеді? Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» фильмі ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй: «Бауырым!» деп деген сөзімен басталады.Фильмге кішкентай кәріс баласы Сон Лаврентийдің естеліктері арқау болған. Кинода ХХ ғасырдың трагедиясы суреттеледі. Ұлы Отан соғысы жылдарында өз жерінен қуғындалып, Қазақстанға жер аударылып келген кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттардың ауыр жағдайы бейнеленген.
Ашаршылық, саяси қуғын-сүргін көрген халықтың бастан кешкен қиыншылықтары суреттеледі.Үйсіз қалған босқындарды қазақ халқы жылатпайды, бауырына тартады.Мыңдаған жанды ажалдан аман алып қалады. Олармен бір үзім нанын бөліп жейді. Жанашырлық көрсетеді. Кинода бүгінгі Қазақстан халқының татулық пен ынтымақтастығының бастауы көрсетілген.
Фильмнің басты кейіпкері Орынбай – өмірде болған адам. Ол – парасатты қазақ азаматының типтік бейнесі. Барша қазақ халқының бауырмалдығы, жомарттығы, адалдығы осы бейне арқылы көрінеді. Рөлді белгілі актер Болат Әбділманов шеберлікпен сомдаған.
Бұл фильм – қазір Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген шынайы алғысының белгісі.

👇
Ответ:
satursacha
satursacha
17.10.2021

....................


1. «Жерұйық» фильмінің режиссері кім және фильмде қай ұлттың ауыр жағдайы көрсетілген? 2.Фильмге кім
4,5(45 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
милана59
милана59
17.10.2021
Қонақжайлылық - адамның келген қонаққа деген ілтипат пен әзетпен қарауы. Әр ұлтта өз мәдениетіне сай әр түрлі әдет ғұрыппен сипатталады. Қазақтардыңқанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асыл қасиет. Сондықтан да қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа деген ілтипат көрсету бала кезден қалыптасады. Шақырылған қонақты әйел адамның жылы жүзбен бетіне күле қарсы алуы, хал ақуалын сұрап төрге отыргызып, дайындаған ас тағамдарын беріп, ренжітпей қайтаруы қонақты сыйлау мен оған көрсетілетін құрмет болып саналады. Егер шақырылған қонақтардың ішінде келе алмағаны болса, әйелі сарқыт салып беріп, оған өз тарапынан сәлем айтады. Жоғарыда аталған құрмет тек қана шақырылған қонаққа көрсетілетін сый-сыяпат емес, ол кез келген уақытта келген қонаққа корсетіледі. Егер келген қонақ асығыс болса, онда әйелі ауыз тию жосынын жасайды. Қонақты күту, сыйлау көбінесе әйел адамға қатысты болады. Сондықтан қазақ әйелдері қонақты сыйлау, күту мәселесін терең меңгерген және оны бала тәрбиесінде катаң ұстанады, егер үйде ата-анасы болмаған жағдайда баласы келген қонақты үйге кіргізіп, қонаққа шай береді. Қазақтар арасында келген қонақты үйге кіргізбей сырттан қайтару ұят болып есептелініп, ата-анасына сын болған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығында отбасында алған тәрбиенің кез келген уақытта көрініс табатындығын меңзейді. 
4,7(58 оценок)
Ответ:
stich3918
stich3918
17.10.2021
Талай саңлақтарымыз алаш туы астында бүкіл қазақты ел болуға, тәуелсіз мемлекет құруға шақырды. Солардың бірі Қайраттай өр рухты қайсар ұлы, Сәбира мен Ләззаттай батыр қыздарымыздың жігері мен батылдығы талай қазақ жастарына үлгі болып, патриоттық рухын оятты. Қазақ – батыр халық, ержүрек, намысшыл халық. Ел басына күн туса, ел үшін туған ерлеріміз намыс отын жағып, топырағын ақтық демі қалғанша қорғағанына тарих куә, кешегі қиын-қыстау заман куә. Еліміздің ұлы мерекесі – 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні жылдан жылға президентіміздің қолдауымен биік дәрежеде аталып өтуде. Бұл күндері күллі қазақ – үлкені де, кішісі де халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы, көрген қиындықтарын еске алып, бүгінгі күнге қалай жеткенімізге, өткенімізге көз жүгіртеді. Бұл күнде ойымызға тәуелсіздік құрбандары оралатыны хақ. Қазір де біз сол батырларымыздың арманы орындалған, мемлекет құру мақсатына жеткен ашық аспан аясында өмір сүріп жатырмыз. Ендігі кезде Тәуелсіздік іргетасы толығымен қаланған егеменді еліміздің шаңырағы шайқалмай, көк туымыз көкте мәңгі желбіреуі үшін әрқайсысымыз еңбек етіп, сол жолда күресуге тиіспіз. Абыройы мен арына дақ түсірмей келген ұлтымыз, тіректі тіліміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз, сарқылмас қазынамыз бүгінгі жастарға, келешек ұрпаққа аманат.

Тәуелсіздік – көкжиектен атқан күн, жаңа бүр жарған гүл дер едім. Бұл егемендік – Алланың нұры, берген сыйы. Тәуелсіздіктің жолы қатты, татар дәмі тәтті. Сонда да ақкөңіл, дана қазақ аңсаған арманына қол жеткізді. Алдымызда әлі асу-асу белестер бар. Тәуелсіздігіміздің тұғырында нық, тұрақты тұра беруі үшін халқымыздың барша еңселі азаматтары, еліміздің еселеп дамуына еңбекпен қызмет етуі зор міндет.

Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз, кешегі Қайрат, Ләззаттардың жалғасымыз. Біздің міндетіміз –білім алып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу.
4,8(39 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ