М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ilia200575
ilia200575
06.06.2020 05:31 •  Қазақ тiлi

Найман ,керейіт жалайырлардың қазақстан аумағына қоныстануының себептерін талдау​

👇
Ответ:
ulya061
ulya061
06.06.2020

Қазақстанмен шектескен Моңғолия аумағында пайда болса да бұл ұлыстардың еліміздің шежіресінде өзіндік қолтаңбасы бар

Олар мемлекеттiлiк бастауларына үлес қосты. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта кезiнде Ертiстің жоғары тұсы мен Орхон өзенінің аралығында сегiз-оғыз атаумен пайда болған. 

Сегiз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейiнгi жердi алып жатты. Х-ХІІ ғасырдың басында наймандар Ляо империясына тәуелдiлiкте едi. Керейiттер (керейлер) мен меркiттермен одақтасқан наймандар iрi мемлекетті құрылымға айналды. Наймандар өздерiн қоршаған көшпелi және отырықшы-егiншi этностармен, әсiресе қаңлылармен өте тығыз этникалық саяси және мәдени байланыс орнатты. 

1125 жылы Қидан мемлекетi күйрегеннен кейiн, оның орнынан бiрнеше мемлекеттік бiрлестiктер құрылды. Олардың арасынан жетекшiлiк рөл керейiт хандарының қолына көштi. Керейiттер туралы алғашқы мәлiметтер Х ғасырдың басында кездеседі. Олар Шыңғысхан шапқыншылығына дейінгі кездерде Моңғолия мен Алтай аумағына үстемдiк еткен. Жалайырлар Шыңғыс хан империясының өрлеу кезiне қарай қазіргі Моңғолия жерінің Хилок және Орхон сағасы аймағын мекендеген. Наймандар, керейiттер, жалайырлар құрған ұлыстар — алғашқы феодалдық мемлекеттік құрылымдардың бір көрінісі болып табылады. 

Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық институттардан жоғары тұрады. «Ұлыс» ұғымы ол кезде «халық" дегендi бiлдiрген. Ұлыс құрамында қандас туысқан адамдардың болуы мiндеттi емес едi. Әрбiр ұлыс белгiлi бiр аумақты иелендi. 1185 жылы Шыңғыс хан меркiт ұлысын талқандаған соң, кейін керейiттерде оған бағынады. 1190 — 1206 жылдары Орта Азиядағы соғыстар нәтижесiнде найман, керейiт, меркiттердiң бiр бөлiгi елімізге қоныс аударған. Моңғолдардың шапқыншылығынан кейін найман мен керейiт топтары, жалайырлар қазақ хандығының негізін құраған алғашқы руларға айналады. 

Сырдарияға жеткен наймандар, Едiлдегі керейiттердiң бiр бөлiгi өзбек, қырғыз құрамына, ал шағын тобы қазақтар құрамына кiрдi. Екінші бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалып, керей (ашамайлы керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Үшеуі-де әлеуметтік-саяси дамудың бiр-деңгейiнде тұрды. Бұл мемлекеттерде iс жүргiзу кең таралған. Құжаттар мөр басу арқылы бекiтiлген. Алым-салық жинау, адамдарды қызметке тағайындау құжаттарына мөр басылған. Ұлыстарда хан қосынының (ордасының) басқару органдары, әскерi және жасауылы бар басқару аппараты жұмыс iстегені бүгінгі таңда бізге белгілі болып табылады

4,8(57 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nikgum
nikgum
06.06.2020

Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл ақын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835] жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.

4,5(91 оценок)
Ответ:
BellaNow
BellaNow
06.06.2020
Отбасы шағын мемлекет" демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, 

"Әке- асқар тау, 
Ана- етегіндегі бұлақ, 
Бала-жасындағы құрақ" 

-деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. 

Осының бәрі "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің... "деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенәң арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі . 

"Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білгендер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз. Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.
4,4(49 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ