Менің бала кезімнен келе жатқан арманым журналист болу еді. Сол арманыма қол жеткізіп келе жатырмын десем,қателеспегенім. Осы мамандыққа баулыған адамдардың бірі, ол өзімнің қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен беретін ұстазым болды. Ол кісі әрдайым қол ұшын беріп, еңсемді ұстайтындай жылы сөздер айтатын.
Енді, міне, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің 3-курс білімгері болып отырмын.
Журналистикаға қызығушылығым былайша оянды: қоғамдағы басылым беттерінде жарияланған әрбір мақалаларды қызыға оқып, теледидардан шебер сөйлейтін дикторшыларға қызыға қарайтынмын. Мектепті бітіретін кезде, мен өзіме: « Мен білікті,халықтың сөзін сөйлейтін журналист боламын!»,- деп серт бердім. Ойы озық, қаламы ұшқыр журналистер қайнаған тіршіліктің ортасында жүріп, сан қилы оқиғаларға куә болады. Бұл мамандық осы қырымен де қызықты болып көрінеді.
Құдай Бұйыртса, өзім таңдаған мамандығымды жақсы бітіріп, сол мамандықтың иесі болсам арманым жоқ болар еді. Дегенмен де, адамның арманы ешқашан таусылмайды ғой. Болашақта патриотқа, білімге, денсаулыққа, қоғамға байланысты мақалалар көп болады деген мақсат бар.
Тағы айта кетерлік жайт, ол « Жас журналистер» ұйымы тек қана университет қабырғасында емес, сонымен қатар мектеп қабырғасында жүргізілсе жақсы болар еді. Себебі, журналист боламын деген бала, мектеп қабырғасынан бастап, мақала жазуды үйренеді. Болашақ қаламгерлер жан-жақты ойлары өрби түседі.
Ең өкініштісі, ақиқат бар жерде, өтірікте жүреді. Мысалы, газетке мақала жазсаң,ақиқаты бар, ол мақаланы қиып тастайды. Өйткені, қазіргі таңдағы журналистер өкіметтен қорқады. Қорқатын себептері де бар, ақиқатты жазсаң, ертеңінде басын көшеде жатады. Қазіргі журналистер бұрынғы журналистерге жетпейді. Ол кездегі журналистер тайсалмайтын, бәріне төтем беретін журналистер болған. Тіпті, халық үшін жанын пида ету, оларға қорқыныш болған жоқ. Бұл жағдай тек қана ба зде ғана емес, сонымен қатар телевизияда да осы.
Бердібек Соқпакбаевтың «Менің атым Қожа»атты шығармасының кейіпкерлері
• Қожа — Шығарманың басты кейіпкері. Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, университетке түсу. Жазушы болу.
• Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.
• Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.
• Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.
• Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.
• Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.
• Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.
• Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.
• Сәйбек қарт — Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.
• Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.
• Жақанов — Қожаның сыныптасы.
• А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".
• Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.