Дәрігер болғым келеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Объяснение:
ответ:Сәлем,досым!(леп белгісінің қойылу себебі,бұл жерде автордың көңіл күйі көтеріңкі ) Қалын қалай?(сұрақ белгісінің қойылу себебі автор жауап алу мақсатында сұрақ қойып отыр) Нүкте қойылған сөйлемдерде мән жағдайды айтып хабарлап жатқандықтан қойылған. Рақмет!(леп белгісі қойылған себебі автор ризалығын,рақметтілігін білдіріп ,сөйлемде өзінің қуанышты көңіл күйін білдіртіп тұр) Т.б Объяснение: Егерде сөйлем соңында (!)леп белгісі қойылса,онда бұл сөйлемде автордың көңіл күйі білдіргендігі,және ерекше екпінмен айтылуына байланысты болады. Егерде сөйлем соңында (?)сұрақ белгісі кездессе,онда бұл сөйлемде автор бағытталған адамнан жауап алу мақсатында сұрақ қойып тұр дегені. Ал (.)нүкте қойылса,онда бұл сөйлемде күнделікті,т.б. болып жатқан нәрселерді баяндап,хабарлап тұр деген сөз
в) христианство Кншесукғұсғаес