Айналамыздағы таңғажайып көріністерге кей кезде қарап тамсанамын. Бізді қоршап тұрған жасыл желектен өзге сан түрлі тылсым дүниелер қызықтырады. Әрбір адам бойына қуат береді. Ол сұлулық пен әсемдікті шашатын ғажайып құбылыс. Ырыс пен қазынаның қайнар көзі болғандықтан, халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі»- деп бекер айтпаған.
Табиғатта болып жатқан сан түрлі құбылыстарды біз өзімізбен байланыстырамыз. Оның таза ауасын рахаттана жұтамыз. Мұның өзі а ң табиғатпен тығыз байланыста екендігін білдіріп тұр емес пе? «Табиғат – алтын бесігім» деп айтқандай, ғажайып жаратылысының мына жарық әлемге өз нұрын шашады. Мөлдір таза тұнық бұлақтардың сыбдырын, құстардың әсем үнін, әлемнің нұр сыйлаған жарық күнін естіп – көріп жатамыз. Тылсым табиғаттың құпия сырларына үңіле түссек, өміріміз шаттыққа тола бермек. Табиғаттың адамға берер пайдасы мол және жер анамызға табынамыз.
Табиғатымызды одан әрі көркейту, жайқалту бәріміздің қолымыздан келеді. Сондықтан бәріміздің міндетіміз – табиғатты қорғау, аялау.
«Жерұйық» көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе аулында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм.Бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді.Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған, ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне келген кезде қатты жатсынады. Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір үзім нанын да бөліп береді. Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай - өмірде болған кейіпкер. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әртүрлі ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Міне, қазақтың қазақшылығы да осында ғой... Нағыз бұқпасыз шындықты дәл көрсеткен көркем туынды сапасы жағынанан да ешқандай фильмдерден кем емес. Фильм соңы мәрт азамат – Орынбайдың Сібірге жер аударылуымен аяқталады.
Объяснение:
Мен білмеймін