Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнімен құттықтау.
Сіздерді Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, Атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
Сондықтан Сіздерге тілерім - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Желтоқсанның ызғарлы желі енді соқпасын! Бейбіт заманда өмір сүріп, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Аспанды бұлт құрсайды -
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды -
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды -
Күйбендескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан Қағбамсың!
Алтынды кесе сары бал
Алсам, мен саған ұсынармын,
Тал мойныма қол артсаң,
Күліктен бек ұнармын.
Көбең семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін.
Жақсыңнан мені кем көрдің,
Жаманыңмен тең көрдің.
Жақсыңнан мені кем көрсең,
Жаманыңмен тең көрсең,
Ұялы берікке қос артып,
Сен есенде, мен сауда
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін!
Еділден аққан сызашық
Біз көргенде тебінгіге
жетер-жетпес су еді -
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, Тәңірі етті!
Жағасына қыршын біткен тал еді -
Жапырағын жайқалтып,
Терек етсе, Тәңірі етті!
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті
Автор:
Шалкиіз Жырау