дам 2. Жағдаятты негізге алып, баяндама мәтінін жазыңыз.
Жағдаят
Бүгінгі таңда демократияны желеу етіп, әлеуметтік желілерді қолданып, жеке тұлғаларды бас пайдасы үшін ұлтаралық арандату жасайтын мысалдарын жиі көріп жүрміз. Жаппай халық оның ақ, қарасын ажыратпастан зардап шегіп жататын сәттер де бар. Осыған байланысты саяси сауаттылық пен «дұрыс» азаматтық белсенділіктің білімнен бастау алатындығын насихаттап, көпшілік алдында жастардың атынан баяндама жасау Сізге ұсынылды. Баяндама мәтінін құрастырыңыз. Сөз саны: 70-100.
Ата здын арманы тәуелсіз болу
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.