Бағдаршам туралы.
Қалада көлік көп,
Қалада апат көп.
Сақтайтын апаттан,
Тек қана бағдаршам.
Бағдаршам, бағдаршам.
Бағдаршам біледі,
Бәрін де көреді.
Адам да, көлік те,
Сол шаммен жүреді - демекші, бағдаршам көше бойындағы тәртіпті реттеп, түрлі апаттардын алдын алады. Сондықтан балаларды кішкене күнінен бастап бағдаршам мен оның түстерін және көше тәртібі болатынын үйретіп, жолдан өткен кезде абай болу керектігін үнемі айтып отыру қажет. Әсіресе, көше қиылысында көліктер көп болады. Жолдан тек қана бағдаршамның жасыл шамы жанғанда өтіп, ал қызыл шамы жанғанда тоқтап тұру керек. Жолдан өтпес бұрын әуелі сол жаққа қарап, жолдың ортасына келгенде оң жаққа қарап барып өту керек. Жаяу жүргіншілерге арналған жол болса, соны қолданған қауіпсіз.
Матасу – қиысу, меңгеру сияқты синтаксистік байланысу формаларының бір түрі. Ол изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің байланысу формасы: Омарбектің інісі, ағаштың бұтағы, біздің табысымыз. Бұл сөз тіркесінің бірінші сыңарлары ілік жалғауында, екінші сыңарлары тәуелді жалғауларында айтылады.
Матаса байланысқан сөздердің бірінші сыңары ілік септігіндегі жеке сөзден де, бірнеше сөзден де бола береді. Осыған қарай матасу жай матасу және күрделі матасу деп бөлінеді.
Бірінші сыңары ілік септігінде тұрған сөзбен байланысу жай матасу деп аталады. Мысалы: біздің ұжым, сенің кітабың т.б.
Өнеркәсіп шығырыстарының қоршаған ортаға тигізетін әсері
Алматы қаласында зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нəтижесíнде смог деп аталатын қалың тұмандар пайда болды. Тíптí кейбíр жағдайларда улы заттардың жинақталуы нəтижесíнде адамдардың аса К¦ауíптí аурулары мен өлiмiне себеп болады.
Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшін әрқашан зиян. Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне әкеп соғады. Тіпті кейбір жағдайларда улы заттардың жинақталуы нәтижесінде адамдардың аса қауіпті аурулары мен өліміне себеп болады. Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар бар. Олардың көпшілігі түссіз, иіссіз болып, организмге бірден әсер ете қоймайды. Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабілетін төмендетіп, жөтел, бас айналу, тыныс жолдарының спазмалары, өкпенің түрлі аурулары, организмнің жалпы улануын туғызып, түрлі ауруларға қарсы тұра алу қабілетінтөмендетеді.
Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерінен шыққан газдар, түтін, ірі қалалардың үстінде пайда болатын түрлі шаңдар Күн сәулесінің Жердің бетіне түгел түсуіне кедергі келтіреді. Ультракүлгін сәулелерінің жетіспеушілігі балаларда авитаминоз және рахит ауруларын туғызады.
Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы, жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады. Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрес. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазірнемесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.