Сор по қаз языку ответьте полностью Оқылым
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, зат есім+етістік сөз тіркестерін теріп жазыңдар ( )
Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
1/
2/
3/
2-тапсырма . Мәтін бойынша кестедегі ақпараттың дұрыстығын тексер ( )
№
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1
Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмаспаған.
2
Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды.
3
Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы шағын қалалардың бірі - Отырар
4
Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен.
Жазылым.
3-тапсырма . Мәтін бойынша cұрақтарға жауап беріңдер ( )
1.Ең алғаш саудада қандай тауарлармен алмасқан?
2. Қай қала «Екінші Мекке» деп аталады?
3. Отырардың ең алғашқы атауы?
4-тапсырма.
«Спорт- денсаулық кепілі» тақырыбына эссе жазу. Күрделі , теңеу сөздерді дұрыс қолданып,жазу (100-120 cөз) ( )
Объяснение:
Әбілхан Қастеев ұлттық кескіндеме мектебінің пайда болуы мен қалыптасуына негіз болды. Кедей отбасынан шыққан бала әкесінен ерте айырылып, мал бағуға мәжбүр болады, кейіннен Түрксібтің құрылысына қатысады. Өміріндегі қиыншылықтарға ерегіскендей, біртуар дарынының және еңбекқорлығының арқасында алдымен Алматыға, сосын екі жылға Мәскеуге суретшілік оқуға барады.
Шығармашылық жылдарында Қастеев қазақ халқының әр қилы өмірін бейнелеген 2000 аса кескіндемелік және графикалық туындыларды жарыққа шығарды. «Мақта жинау» (1935), «Түрксіб» (1969), «Егін ору» (1957), «Ұжымшар тойы» (1937), «Ескі және жаңа тұрмыс» топтамасы (1937–1941), «Жас Абайдың портреті» (1945), «Биік таудағы Медеу мұз айдыны» (1954), «Талас өңірі» (1970) сияқты дарынды кенептері өткен мен бүгіннің көркемдік шежіресі іспетті, олар Кеңес өкіметі жылдарындағы республикадағы өзгерістерді көрсетеді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты тұлғалар галереясын жасау қажеттілігін атап өткен болатын: «Мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет». Және Әбілхан Қастеевтің қылқаламынан туындаған Кенесары хан, Шоқан Уәлиханов, Абай, Амангелді Иманов, Жамбылдың және басқаларының портреттері, сондай-ақ Әбілхан Қастеевтің портреті де осы галереяда лайықты орынға ие.