М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
GoRussia228
GoRussia228
09.10.2022 09:34 •  Қазақ тiлi

Бастық басқар

басшы

ойыншық

ойыншы

Осы сөздерге сөйлем құрастырып жазамыз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:

1. Сөздіктердің түрлері өте көп.

1) энциклопедиялық сөздіктер. Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталады.

2) лингвистикалық сөздіктер әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады. Мұндай сөздіктер әдеби тілдің әбден қалыптасып, халықтың тіл мәдениеті кемелденген тұста, сөз байлығын нормалық тұрғыдан сипаттау қажеттілігі туындаған жағдайда жасалады. Лингвистикалық сөздіктердің бірнеше түрлері бар: екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер, т.б.

3) Аударма сөздіктер бір тілдегі сөздерді басқа тілдің балама сөздерімен беріп, ұлттар арасында сөз алмасу үрдісін, өзара қарым-қатынас жасауды дамытады.

4) түсіндірме сөздіктер сөздердің лексика-грамматикалық сипатын, экспрессивті-эмоционалды бояуын танытып, маңызды ақпараттық дереккөзін сақтаған рухани қазына ретінде қабылданады.

5) Синонимдер сөздігі сөздің экспрессивті-стилистикикалық реңі мен мағынасын сол сөзге мағынасы жағынан жуық келетін басқа бір сөзбен түсіндіріп, синонимдік шоғыр жиынтығын құрайды. 6) Омонимдер сөздік тұлғасы бір, мағыналары әр түрлі сөздерді, ал антонимдер сөздігі мағыналары қарама-қарсы сөздерді қамтиды. Фразеологиялық сөздіктер тілдегі тұрақты тіркестердің (идиомдар, фразеологизмдер) мағынасын түсіндіріп, стилистик. сипатын айқындайды. Этимологиялық сөздіктер жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс жазылуын, ал орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын көрсетеді

Лингвоелтану сөздігі белгілі бір тілде сөйлеушілердің ұлттық ерекшеліктерін сипаттайды. Топонимикалық сөздіктер жер-су аттарын түсіндіруге, қаламгер тілінің сөздігі оның шығармаларының көркемдігін, ұлттық тіл байлығын қолдану ерекшелігін тануға арналған. Мұнан басқа да диалектологиялық, ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б. сөздік түрлері бар. Техниканың дамуына байланысты сөздік түзудің компьютерлік технологиясы жасала бастады. Компакт-дискімен таратылатын немесе компьютерлік жүйенің серверлерінде орналастырылған түрлі электрондық сөздіктер бар.

2. Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.

Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады: 1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б. 2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.

3. Отан туралы мақал-мәтелдер

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Отан оттан да ыстық.

Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Отан елдің анасы, ел-ердің анасы.

Отанды сүю-отбасынан басталады.

4,6(84 оценок)
Ответ:
S1mplendnnd
S1mplendnnd
09.10.2022

Таза ауа–денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.Ауа мөлдір түссіз.Ауаның пішіні жоқ. Ең алдымен ауадағы оттегі өкпеге барады, ол бүкіл ағзаға тарайды. Зиянды заттармен тыныс алған адам тез шаршайды.  Ол әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Адам жақсы демалуы үшін оған таза ауа қажет. Теңіз жағалауында, орман ішінде таза ауа болады. Ауаға зиян келтіретін экологиялық жағдайлар болады.

Ал жер бетіндегі ауа құрамында денсаулыққа зиянды қоспалар араласып жүреді. Әсіресе  өндірістік қалаларда ауа көп ластанады. Ауаның тазалығын сақтауы үшін ірі кәсіп орындар фабрика, зауыттар, жылу орталықтарының моржаларына қондырғылар орнатылады.Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде ұлы заттарды бөліп шығарады. Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандыруды маңызы зор.

Өсімдік ауа құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып оның орнына оттегі бөліп шығарады. Әр адам жасыл өсімдіктерді отырғызуға атсалысуы керек.

      Экологиялық жағдайлар

Табиғаттың әр – түрлі құбылыстар болады. Мысалы, отын жанғанда, завод, фабрикалар жұмыс істеп тұрғанда аз мөлшерде кездейсоқ газдар ауаға таралуы мүмкін. Ал көмір бензин және т.б. отындар толық жанбаса ауаға  күйе, иіс газы, тағы басқа газдар таралады. Көліктерді  қозғалтқыштары да ауаға  улы газдар таратады, бұл газдар да қоршаған ортаның бүлінуіне әкеліп соғады. Кез-келген жерге қоқыс тастау. Бұлардың барлығы ауаны ластайды. Ауаны ластанудан сақтау. Кез-келген жерге қоқыс тастамау. Табиғатқа көгалдандыру жұмыстарын жүргізу. Өсімдіктермен  жан –жануарларды қорғауымыз керек.

4,6(5 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ