1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз. Мәтіннен топтау сан есімдерін «Теңге ілу» ұлттық ойын. Ойынға қатынасушылар екі-екіден топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарымен шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді. с
Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма? . қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе ол мейрамның мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар? алдымен айтармыз: кеңес одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. тек 1937 жылы ғана сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы кеңес одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды. рождество христово мен жаңа жылдың шығуы туралы қысқаша мәліметтер берер болсақ: бірінші ғасырда, яғни, милади жыл санағы бойынша, христиан діні пайда болған кезде, діннің екі жауы болған. «үштік», яғни құдайды үшеу деп білген митраизм түріндегі язычниктер және монетизмді уағыздайтын юдаизм. язычниктер құдайды үшеу деп үштік түрінде уағыз ететін. енді сол үштік сенімді уағыздайтындардан мысал келтірейік. вавилондық үштік – ану, оның энлиль және энки. римдік үштік – юпитер, юнана және минерва. семиттік үштік – отец, сын и мать яғни әке, шеше және . бұлардан басқа индуистік – брахма, вишну және шива. парсылардың ормузд, митра, ахриман және египеттік осирис, исида және гор немесе эмпефт, эйктион, пта деп те аталады. халдейлік бел-сатурн, бел-юпитер (сарапшы), бел-хом (аполлон). соңғы үштік үшеуі қосылып ұлы құдай деп аталады. бұл үштіктердің барлығы христиан дініндегі үштіктермен тұп-тура келеді. әсіресе буддалықтардың үштіктері сай келеді. буддалықтардың үштіктерін айтып өткеніміздей брахма, вишну және шивадан құралады. брахманы әке деп атайды. вишнуды пастырь және пророк деп көреді. ал шиваны иләһи руһ деп ойлайды. бұл үштік «тримутра» орыс тіліне тройца деп аударылады. олар бұл үштік терең құпия деп түсінеді. құпия болғаны себепті оны ешкім білмейді және түсінбейді дейді. бұл құпия әлемдік дух брахматмамен қосылған кезде ғана біледі дейді. бұл атап өткен үштіктеріміз жерорта теңізінің жағалауында христиан дінінен бұрын пайда болған. барлығыда бұл үштікті құпия ретінде санайды. христиан діні пайда болған кезде осы діни ағымдар өздерінің діни сенімдерін христиан дініне кіргізіп, оны да өздерінің қатарына қосып алған. сіздерге түсінікті болу үшін мысал келтірейін: егер жас қозы қасқырлардың арасына түссе не болады? міндетті түрде қасқырлар қозыны талан-таражға салып жеп қояды. сол сияқты христиан діні де жас дүниеге келген кезде оны басқа сол кездегі діни ағымдар жеп қойған және өздері жаңа дінге өзгерістер енгізген
Әкесі – орыс, мамандығы – шахтер, анасының ұлты – кәріс, химиялық зертханада көмекші қызметін атқарған. Головкиннің 3 ағасының екеуі әскерде қызмет атқарып белгісіз жағдайларда қаза тапты (Вадим - 1990 жылы, Сергей – 1994 жылы). Үшінші ағасы – Максим де бокспен айналысқан, қазіргі уақытта бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері болып саналады. Ағайындар бірдей салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен, бірақ бір-бірімен ешқашан да бетпе-бет шайқасқан емес. Бір-бірімен шайқас түскенде екеуінің біреуін жарыстан алып тастайтын болған. 2004 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезінде Максимге осылай істеуге тура келді. Қазіргі уақытта Геннадийдің ағасы онымен бір командада жұмыс істейді және чемпионға ұрыстарға дайындық кезінде көмектеседі. Геннадий Головкин үйленген. Жұбайы Алина және ұлы Вадим чемпионның берік отбасын құрайды.Головкин кәсіпқой рингтегі дебютін 2006 жылы орта салмақ дәрежесінде жасады. Алғашқы 8 ұрыста мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 2007 жылдың қыркүйегінде француз Мехди Боудламен 8 – раундтық ұрыста ұпай саны бойынша жеңіске жетті (11 – 1). 2008 жылдың сәуірінде ұпай саны бойынша Иан Гарднерді жеңді. 2008 жылдың қараша айында белорус Малик Дзиарр 2 раундта шайқастан бас тартып, Головкин жеңіске жетті. (29 – 3). 2009 жылдың 11 шілдесінде алғашқы 12 – раундтық айқасқа шықты. WBO интерконтинеталды чемпионы атағы үшін болған айқастың 2-ші раундында бразилиялық Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен тізе бүктірді. Кейін жеңілмеген Михаил Макаровты нокаутпен жеңді. 2010 жылы Головкин ағайынды Кличколардың K2 Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. 2010 жылдың тамыз айында WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін айқаста колумбиялық Милтон Нуньесті (21-1-1) 1 раундта нокаутпен жеңді.