М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ozerck2002
Ozerck2002
09.03.2023 08:18 •  Қазақ тiлi

Еңбек етпей елге өкпелеме, Егін екпей жерге өкпелеме. Мақалдың мағынасын түсіндіріңіз. Қазіргі заман талабымен салыстырып жазыңыз. Орфографиялық норманы сақтай отырып, өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен дәлелдеңіз

👇
Ответ:
sadovskaya02
sadovskaya02
09.03.2023

Еңбек еткен адам ешқашан нәпақасыз, ризықсыз қалмайтынын түсіндім. Істің көзін тапсаң, кез келген жұмысты өз уақытында бітіресің әрі ауыр шаруаны жеңіл тәсілмен жасайсың. Ұсталық жұмыс сабыр мен ойды талап етеді. Байыптап байқасақ, осынау жағымсыз сипаттардан арылтатын жол – еңбек.

Объяснение:

4,5(48 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
боня51
боня51
09.03.2023

Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді.

4,5(88 оценок)
Ответ:
aramdarbinyan
aramdarbinyan
09.03.2023

Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.

Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:

Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.

Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.

Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.

Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.

Мысалы: Менің ағам "кеден қызметінің үздігі" марапатына ие болды.

Қазіргі таңда көптеген жарнама ғаламтор арқылы жасалады.

Биылғы жылдың шілде айынан бастап зейнетақы мөлшері тоғыз пайызға көтеріледі.

Демалыс күндері отбасымызбен Жеңіс саябағында серуендегенді ұнатамыз.

Объяснение:

4,5(6 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ