М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
tel9057969295p0bj7i
tel9057969295p0bj7i
30.04.2020 17:53 •  Қазақ тiлi

Мәтінді мұқият тыңдап , негізгі және қосымша ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз . Екі дос Ертеде , ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып , дос болады . Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды . Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды . Тонаған мал - мүлiктерiн тиеп кетеді . Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді . Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі . Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп , жау жатқан жағаға келеді . Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады . Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді . Алып барған соң , ол жаудың қолбасына : - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп , сатып алуға келдім . Менің оғанайырбасқа берер мал - мүлкім жоқ . Бір - ақ нәрсе беремін . Ол - өзімнің өмірім . Досымды босатсаңдар , ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім , - дейді . Қолбасы ойланып отырып , оны сынамақ болады да : - Жарайды , мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын . Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды , - дейді . Ол не ? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт . - Маған сенің көздерің керек , - дейді қолбасы . - Ол да болсын , көзімді ал да , досымды босат , - дейді жігіт . Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді . Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып , зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады . Мұны көрген жаудың қолбасшысы : « Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп , қапыда бас салған жағдайда болмаса , бетпе - бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар » , - деп түйеді . Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен .​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
pipidon17
pipidon17
30.04.2020

Француз тілі ағылшын тілімен қатар Канаданың екінші ресми тілдерінің бірі болып табылады. Француздық канадалықтардың жалпы саны 26 пайызды құрайды.1642 жылдан кейін француздардың Канадаға қоныстануы басталды. Жаңа Францияны Англия басып алған кезде Канадада 60 мыңға жуық франкофон тұрды.Канадалық франкофонның 90% -дан астамы Квебек пен Нью-Брансуик провинцияларында тұрады.

Кариб аралдары Кариб теңізі мен Мексика шығанағындағы Солтүстік және Оңтүстік Америка арасында орналасқан. Барлығы шамамен 50 арал бар, мысалы Куба, Гаити, Ямайка, Пуэрто-Рико. Олардың ауданы 228,662 км2. Халық саны 42 000 000 адамды құрайды. Ең үлкен арал - Куба.Аралдардағы ресми тілдер: испан, ағылшын, француз және тағы басқа. Климаты тропикалық, ыстық

4,6(7 оценок)
Ответ:
chastener40
chastener40
30.04.2020

Франкофония-француз тілінде сөйлейтін мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Әртүрлі мемлекеттердің 58 мүшесін, сонымен қатар 26 көрермендерді біріктіреді. Бұл қоғамдастыққа кіру үшін мемлекет француз тілін жетік білуі және Франциямен мәдениетті қатынаста болуы керек. Франкофония терминін 1880 жылы географ Онезимо Реклю енгізген болатын. Алғашқы саммит 1986 жылы Парижде өтті. 1960 жылы Франкофонияның ресми институттарының алғашқысы болып, мемлекеттік Франкофондық халықаралық білім беру министрлерінің Конференциясы (CONFEMEN) құрылды. 1985 жылдан бері Франкофония ойындарын спортшылардың кездесуі ретінде ұйымдастыратын спорт және жастар министрлерінің Конференциясы 1969 жылы құрылды. Үшінші саммитте Африкаға көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

4,5(65 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ