М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
witin2394j
witin2394j
12.07.2021 08:04 •  Қазақ тiлi

Өсімдіктер мен жануарлар туралы эссе сөз саны 100 немесе қызыл кітап КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ ОЙ
ҚОРЫТЫНДЫ​

👇
Ответ:
ananimka456
ananimka456
12.07.2021

Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.

Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.

Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.

Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі- ұсақты көлдер пайда болған.

Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып калған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктер мен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.

Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақ, т.б. жатады. Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен. Оларға құр, тоқылдақ, самыр- құс, ор қоян жатады. Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан.

4,6(88 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
prus3109Серж
prus3109Серж
12.07.2021

Біз Наурызды қалай тойлаймыз?

Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.

Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды. Биылғы жылғы Наурызда қала әкімі барша тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.

Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.

Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.

Үйде де әжем бізге Наурыз көже пісіріп, ыстық бауырсақпен керемет көже іштік. Апам да шайға тәттілер әзірлеп, шелпек пісірді. Көршілерді қонаққа шақырып, бірге отырып шай іштік. Наурыз – біздің сүйікті мейрамымыз.

4,7(46 оценок)
Ответ:
kris129630
kris129630
12.07.2021

Берілген тест сұрақтарының дұрыс жауаптары.

1) Антонимдік жұп.

D) Ескі-жаңа.

2)Фразеологиялық тіркестің мағынасы.

Көзінің ағы мен қарасындай.

A) Ең қымбат.

3) Дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын түрі.

A) Ашық буын.

4) Сөздерге керекті жұрнақ.

«Өнер», «еңбек», «қазір».

D) –паз, –қор, –гі.

5) Жедел өткен шақтың жұрнақтары.

B) -ды, -ді, -ты,-ті.

6) Сөздердегі септік жалғауы.

Мұражайда, кешенде, клубта, зауытта.

E) Жатыс септік.

7)Тура толықтауыш.

Гауһар бөлмедегі гүлдерді күнде суарады.

D) Гүлдерді.

8) Бастауышы сын есімнен, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлем.

C) Жасыл – менің сүйікті түсім.

9) «Тоңу» сөзінің синонимі.

A) Дірдек қағу.

10)Сөзге қате жалғанған қосымша.

D) Аңнен.

11) Берілген сөздерге тиісті сөз тудырушы жұрнақтар.

Бас, көз.

D) -та, -де.

12) «Қайдан, қалай қарай?» сұрағына жауап беретін үстеу түрі.

D) Мекен.

13) Мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде болатын салалас құрмаластың түрі.

D) Ыңғайлас.

14) Тұрақты сөз тіркесінің антонимдік қатары.

Қоян жүрек.

B) Жүрегінің түгі бар.

15) Шылау қатысқан сөйлем.

A) Әкесімен бірге келген жігіт – еңбекқор адам.

4,4(87 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ