Мектеп кітапхана туралы диалог.
- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.
- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?
- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.
- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.
- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.
- Ендеше бағымды сынап көрейін!
Тіл-ол адамның ең керемет мүшесі. Адам оны дұрыс пайдалана білуі керек. Ол арқылы адам бір-бірімен тілдесе алады. Осы өмірде тілдің маңызы адамзат үшін өте үлкен рөл атқарады. Тілсіз адам адам емес. Олсыз бұл өмірде ешкім бір-бірімен сөйлесе алмай, өздерінің ойын айта алмас еді.
Əрине, қазіргі кезде үш тілді білу қажет. Ол тілдерді білу өзіміз үшін керек. Дəл сол тілдерді білу арқылы əр адам биік шыңдардан көрінеді. Оқу əр адамның өзі үшін. Ежелде қазақ халқы "өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметтте"-деп, бостан-бос айтпаған. Осы мақалға сүйене отырып, біз мынадай түйін құраймыз: əр елде өзінің тілі, туы, мақтан тұтар əнұраны бар. Сол тілдердің барлығын меңгере біл. Ол өзіңе артық етпейді. Бірақ ең бастысы өзіңнің ұлттық тіліңді ұмытпай, еліңді қорғай білуің міндет.
Ағылшын, орыс жəне қазақ тілі қазіргі кезде көп кездесіп, қолданылады. Оларды біз қазіргі кезде маңызды тіл деумізге де болады.
Əр тілдің өзіне тəн ерекшелігі бар. Егер оқуға құлшынысың болса, сен əр тілде еркін сөйдей аласың. Сондықтан қазіргі заманда үш тілді білу-міндет деген.