Кез келген азамат үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың мақтанышы Қ.И.Сәтбаевтан шетелдіктер: қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме?дегенде, Қ.И.Сәтбаев:»халқым менен де биік, менен де сымбатты»-деген екен ендеше сол ағаларымыздай Ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей, баршамыз бір шаңырақ иесіндей жұдырықша жұмылар болсақ, бейбітшілікті әлемге талай паш етеріміз белгілі. Бүгінгі еліміздің бейбітшілігі – біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.
Объяснение:
Лев Николаевич Толстой
Білуге құмарлық рухтың қашанғы қанағатсыздығы
Джон Тейлор
Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе
Френсис Бэкон
Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады
Жан Жак Руссо
Көп білем десең, аздан бастап үйрен
Джон Локк
Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев
Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік
Ақансері Қорамсаұлы
Бақыт жолы біліммен табылады
Ахмед Югнаки
Білім — а ң ортақ қазынасы
Жүсіп Баласағұн
Білім туралы:
Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей
Шал ақын
Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр
Махмұд Қашқари
Еңбек туралы:
Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. Абай
Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.Абай