Мәтін мазмұны бойынша берілген ақпараттың ақиқат/жалғанын анықта.
1. Адам ата-ананы, туыс-бауырды досты таңдай алмайды.
2. Уақыт өте келе достар туралы таным еш өзгермейтінін сезесің.
Мәтін
Достық уақытпен сынала ма?
Уақыт біздің еншімізде емес. Зулап өте шыққанда, жанында қандай жандар қалатыны белгісіз.
Осы ретте досты уақыт танытады деген сөздің жаны бардай. Мектеп қабырғасын имене
аттағанда, сыныптағы баланың бәрі бөтен болатын. 11 жыл бір шаңырақ астында оқыған соң,
бір үйдің баласындай болып кетеді. Адам өмірі пойыз секілді, ол жанына жақындарын әр
бекеттен мінгізіп алады, уақыты келгенде өз бекетіне қалдырады. Ата-ана, туыс-бауырды таңдай
алмайсың, бірақ досты таңдайсың. Бұл - заңдылық, Дос өзгелер арасында дараланып тұрады.
Достықты кім қалай түсінеді? Огайо Университетінің Уильям Ролинз есімді профессоры осы
мәселені зерттеген екен. Әртүрлі жастағы адамдарға бірдей сұрақ қойып, сараптама жасапты. 14
жастағы жасөспірім мен егде тартқан қарияның дос туралы пікірі бірдей болып шыққан екен.
Олар: «Дос
жаныңа жақын адам» депті, Бірақ, сипаттау жағдаяттары әртүрлі. Жасөспірім
«сабақ орындамағанда көмектеседі» десе, «қария соғыста мені жаудан арашалаған» деген екен.
Жастың достыққа әсері бар ма? 20 24 жас аралығындағы адамдар орта есеппен бір аптаның 10
25 сағатын достарымен өткізеді екен. Сонымен қатар, олар сыныптастар, топтастар, әріптестер
деген секілд белгілі бір топтарға бөлініп жүреді. Осы топтың ішінен де адам өзіне етене
жақынын даралап алады. Есейгенде «компания» деп аталатын топ «ашып алады » екен.
Ал «Әсел, ойнауға шығасың ба?» деп немесе «Сұлтан, кеттік, қуыспақ ойнаймыз" деп шақырып
алып кеткеннен анаңыз сізді үйге әзер кіргізген болар. Бірақ уақыт өте келе сол достармен
араларыңыз алыстап бара жатқанын байқамауыңыз мүмкін, Өйткені таным өзгереді
Әлеуметтік желі - достықтың көпірі емес. Қазір технология заманы орнағандықтан, жақын
достардың аман саулығын әлеуметтік желі арқылы білісеміа, Алайда бұл достық деп
есептелмесе керек. Туған күн, мерекеде құттықтау жазып, суреттеріне "ұнайды"
белгісімен лүпіл басу танымайтын адамдардың да қолынан келетін іс. Ал сіз достықты мұнымен
шектемеңіз, Сіз досыңызға рухани сыйлық жақаңыз, Оның жанынан табылатыныңызды
танытыңыз.
Берілген етістіктерді нақ осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шаққа айналдырып, сөйлем құрастыру.
нақ осы шақ - өндіріп жатыр; жедел өткен шақ - өндірді; ауыспалы келер шақ - болашақта өндіреді.
нақ осы шақ - тасымалдап жатыр; жедел өткен шақ - тасымалдады; ауыспалы келер шақ - болашақта тасымалдайды.
нақ осы шақ - жұмыс істеп жатыр; жедел өткен шақ - жұмыс істеді; ауыспалы келер шақ - болашақта жұмыс істейді.
нақ осы шақ - бағаланып жатыр; жедел өткен шақ - бағаланды ; ауыспалы келер шақ - болашақта бағаланады.
нақ осы шақ - таралып жатыр; жедел өткен шақ - таралды; ауыспалы келер шақ - болашақта таралады.
нақ осы шақ - қосылып жатыр; жедел өткен шақ - қосылды; ауыспалы келер шақ - болашақта қосылады.
нақ осы шақ - жеткізіп отыр; жедел өткен шақ -жеткізді; ауыспалы келер шақ - болашақта жеткізеді.
нақ осы шақ - біріктіріп отыр; жедел өткен шақ - біріктірді; ауыспалы келер шақ - болашақта біріктіреді.
нақ осы шақ -туғызып отыр; жедел өткен шақ - туғызды; ауыспалы келер шақ - болашақта туғызады.
Қаламыздағы салынып жатқан кен орны болашақта тәулігіне бірнеше тонна көмір өндіреді.
Ұлы Жібек жолы арқылы мемлекеттер арасында түрлі тауарлар тасымалданды.
Ағам Алматыдағы оқуын бітірген соң, кеден қызметінде жұмыс істейді.
Абай атамыздың қалдырып кеткен мұрасы әлі күнге дейін жоғары бағаланып жатыр.
Интернет желісі еліміздің шалғай ауылдарына да таралып жатыр.
Қазірде мектеп компьютерлерінің барлығы ғаламторға қосылды.
ҚазПошта бүгінде әлемнің түкпір - түкпірінен адамдарға жөнелтулер жеткізіп жатыр.
Атамыз бен әжеміз үлкен әулеттің басын қара шаңырақта біріктіріп отыр.
Бұл мәселе көптеген келеңсіздіктер туғызды.