Эссе
Достық пен татулық - таптырмас бақыт.
Достық - ең ұлы сезімдердің бірі.Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады.Халқымыз "жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын" деп бекер айтпаған.Достармен сен қуанышыңды да,қайғыңды да бөлісе аласың.Олармен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру - ең үлкен жеңістердің бірі.
Бұл өмірде адал дос та,амал дос та болады.Тек олардың аражігін айыра білу керек.Себебі,досың арқылы айналадағылар сені таниды."Жаман достан жақсы дұшпан артық демекші" жаныңдағы шынайы емес достардан қашық жүргенің абзал.Олар тек өз қара бастарын ғана ойлайтындықтан,сені тұңғиыққа батырып жібереді.
"Алтау ала болса,ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген екен ата-бабамыз.Расында,адамдар арасында татулық орнаса,алынбайтын қамал болмайды.Тарихымыздағы халық басына күн туып, жаугершілік заман болғанда хандарымыз бен билеріміз халықты бірлікке,татулыққа шақырған.Осылайша олар бір-екеу емес,бірнеше болып жауға тойтарыс берген.
Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.Бұл - біздің татулығымыздың, достығымыздың көрсеткіші.Қандай жағдай болмасын,осы берекелі күнімізден айырылмауға тырысайық.Себебі,татулық пен достық - біздің таптырмас бақытымыз бен байлығымыз.
Марат Қабанбай (1948 жылдың 22 наурызы, Зайсан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 2000 жылдың 26 сәуірі, Алматы қаласы) - балалар жазушысы, публисцист.
ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген (1975). 1966—1968 жылдары аудандық «Достық» газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1987—1994 жылдары шығармашылық жұмыста, 1995 — 1997 жылдары «Ана тілі» газеті редакторының орынбасары, 1999 жылдан өмірінің соңына дейін «Солдат» газетінің бас редакторы болды.
Шығармаларының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Негізгі тақырыбы: заман келбеті, жастардың өмір-тіршілігі; идеясы: адамды сүю. «Бақбақ басы толған күн» (1975), «Арыстан, мен, виоленчель және қасапхана» (1977), «Жиһанкез Тити» (1982), «Пысық болдым, мінеки» (1983), «Қала мен қыз бала» (1984), «Қазақ, қайда барасың?» (1995), «Сурет салғым келмейді» (1995) аттыповес-тер мен әңгімелер топтамалары, «Көркем дәм» (1977), «Айшылық алыс жол» (1987) романдары жарық көрді. Шығармалары орыс тілінде «Арыстан, я, виоленчель» (1980, М., ), «Вот он я — бывалый» (1986, М.,), «Горький вкус» (1989), «Эхо» (1991) деген атпен басылып шықты. Жекелеген туындылары украин, молдован, латын, неміс тілдеріне аударылған.[1]
Объяснение:
« Мәңгілік ел » ескерткіші жасампаздық қакпасын бейнелейді . Салтанатты қақпаның маңдайында мемлекеттік рәміз - Елтаңба , шанырак киіз үй керегелері , күн шұғыласы , алтын жалды қанаты пырақ бейнеленіп , «Қазақстан » деген сөз жазылған . «Мәңгілік ел » салтанат қақпасы айрықша сәулет ескерткіші . « Мәңгілік ел » жазуы қақпаны көріктендіріп тұр . Арка ұлттың оюмен безендірілген . Абыз ақсақал мен данагөй ананың қаһарман батыр мен елшіл жауынгердің қола мүсіндері өнерлі қазақ халқының рухани өмірінің тыныс - тіршілігін білдіреді . Қақпаның бір жағына Қожа Ахмет Ясауи кесе несіндегі тайқазанның көшірме үлгісі орнатылған. Мұнымен қоса онда қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі - қалқан бейнеленген . Қақпаның бір қабырғасы Тәуелсіздікке арналған . Онда Егемендік туралы декларация көрсетілген . Бұл қабырғада « Ақорда » , « Бәйтерек » секілді маңызды нысандардың суреттері салынған ( С. Негимов ) .
Диалог:
-Мәңгілік ел ескерткіші нені білдіреді?
-Мәңгілік ел » ескерткіші жасампаздықтың қақпасын бейнелейді .
-Қақпаның маңдайында не бейнеленген деп ойлайсың?
-Мәңгілік ел салтанат қақпасы қандай ескерткіш??
-Салтанатты қақпаның маңдайында қазақ халқының болмысын бейнелейтін мемлекеттік рәміз - Елтаңба бейнеленген .
-Оның биіктігі мен ені неше сантиметр?
-« Мәңгілік ел » салтанат қақпасы - айрықша сәулет ескерткіші . Салтанат қақпасының биіктігі – 20 метр , ені — 13 метр .
-Оны нелермен безендірген?
-Арка ұлттық оюмен безендірілген . —
-Қақпаның бір қабырғасы неге арналған?
Қақпаның бір қабырғасы Тәуелсіздікке арналған .